Футбол • 02 Ақпан, 2019

«Астанадан» кеткен ойыншылардың құны 10 миллион евродан асады

386 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қысқы трансферлік терезе ашылғалы бері Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген бірқатар футболшылардың басқа командаларға кеткені белгілі. 

«Астанадан» кеткен ойыншылардың құны 10 миллион евродан асады

«Астана» клубынан кеткен ойыншылардың жалпы трансферлік құны 10 миллион евродан асады екен. Осы көрсеткіш жағынан олар бірінші орында тұр. Атап айтсақ, осы қыста еліміздің бес дүркін чемпионымен Педро Энрике (2,8 миллион евро), Алексей Щеткин (2 миллион), Бақтияр Зайнутдинов (1,2 миллион), Ласло Кляйнхайслер (1,5 миллион), Ричард Алмейда (1,5 миллион), Срджан Граховац (800 мың) және Марат Быстров (600 тысяч) сынды футболшылар қош айтысты.

Екінші орында – «Қайрат». Олардың құны ­– 8,05 миллион евро. Алматылық клубтың сапынан Исаэль (2,8 миллион), Акош Элек (1,4 миллион), Хуан Фелипе (1,2 миллион), Шелдон Бато (1 миллион), Иво Иличевич (750 мың), Станислав Лунин (500 мың), Андрей Аршавин (300 мың) және Давид Лория (100 мың) кетті.

Үшінші орында ­– «Ордабасы». Шымкенттік клубтан кеткен ойыншылардың трансферлік құны 4,38 миллион евроны құрайды. Олар биыл Еркебұлан Тұңғышбаев (1,3 миллион), Никита Бочаров (850 мың), Таңат Нөсербаев (700 мың), Хрвое Спахия (500 мың), Сергей Хижниченко (300 мың), Жасұлан Молдақараев (300 мың), Неманья Коич (200 мың), Лука Муженяк (200 мың) және Қайрат Әшірбеков (25 мың).

Өзге клубтардан кеткен ойыншылардың жалпы трансферлік құны мынадай: «Ертіс» - 3,9 миллион. «Тобыл» - 3,6. «Атырау» - 3,3. «Қайсар» - 2,88. «Жетісу» - 2,78. «Шахтер» - 1,75. «Ақтөбе» - 1,63. «Оқжетпес» - 850 мың, «Тараз» - 350 мың.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»