Хоккей • 02 Ақпан, 2019

Қазақстанның хоккейшілері Мұрагер кубогына қатысады

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

6-8 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында шайбалы хоккейден Мұрагер кубогы деп аталатын халықаралық турнирдің жалауы желбіреді.

Қазақстанның хоккейшілері Мұрагер кубогына қатысады

Айтулы жарыста Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея. Жапония және Латвия хоккейшілерімен күш сынасады. Алғашқы кездесуді жерлестеріміз 6 ақпанда жапондарға қарсы өткізеді. 7 ақпанда айдын иелеріне қарсы ойнаймыз. Ал 8 ақпанда Балтық жағалауы елінің өкілдерімен шеберлік байқасамыз.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Михайлис бұл жарысқа мына ойыншыларды апаруды көп көріп отыр:

Қақпашылар ­- Бояркин Никита («Теміртау»), Кудрявцев Сергей («Барыс»), Севидов Валерий («Алматы»).

Қорғаушылар - Ыбырайбеков Мадияр («Номад»), Клещенко Никита («Номад»), Пелевин Александр («Номад»), Шалапов Егор («Номад»), Нұрғалиев Еміл («Теміртау»), Степаненко Иван («Бейбарыс»), Быков Дмитрий («Алтай Торпедо»), Волгин Андрей ("Ертіс").

Шабуылшылар - Гренц Дмитрий («Номад»), Шестаков Аркадий («Торпедо»), Савицкий Кирилл («Номад»), Гурин Валерий («Номад»), Королинский Евгений («Номад»), Некряч Антон («Бейбарыс»), Панюков Кирилл («Номад»), Яковлев Андрей («Номад»), Лихотников Артем («Алтай Торпедо»), Самойлов Никита («Ертіс»), Титов Никита («Ертіс»), Преснов Дмитрий («Номад»).

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»