Қазақстан • 02 Ақпан, 2019

ЕАЭО үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысына қатысты

704 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуразиялық бестіктің үкімет басшылары деңгейінде Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің (ЕҮАК) кезекті отырысы өтті.

ЕАЭО үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысына қатысты

Іс-шараға Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Ресей Премьер-Министрі Дмитрий Медведев, Беларусь Премьер-Министрі Сергей Румас, Қырғызстан Премьер-Министрі Муxммедкалый Абылгазиев, Арменияның Вице-Премьері Мгер Григорян және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты.

Отырыс барысында ЕАЭО шеңберінде интеграциялық өзара іс-қимылдың бірқатар көкейкесті мәселелері қаралды. Үкімет басшылары қол жеткен уағадаластықтарды іске асырудың аралық қорытындысын шығарып, ЕАЭО-дағы бұдан әрі жұмыстың бағыттарын белгіледі.