Сержанттарды дайындаудың басты мақсаты олардың лауазымдық арналымға сәйкес бөлімдердегі сәтті практикалық қызметі үшін жеткілікті көлемдегі білімді меңгеруі болып табылады. Оқыту бағдарламасында жалпыәскери пәндерден басқа әдістемелік дайындық, әскери педгогика, психология және қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты пәндер қарастырылған.
Сабақтар барысында оқыту мен тәрбие берудің бірлігі қағидаттары қатаң сақталған, бағыныстыларды жеке оқытуда анағұрлым перспективалық үлгілер мен әдістер енгізілген. Сабақтарды ҚР ҚК әскери бөлімдерінің тәжірибелі офицерлері мен сержанттары өткізді. Дайындық қорытындысы бойынша сержанттардан атыс және дене даярлығы бойынша нормативтер қабылданды.
-Осы жиынның арқасында кіші командалық құрам өздерінің функционалдық міндеттерін орындауда білім деңгейлерін арттырды. Біз барлық мазалап жүрген сұрақтарымызға жауап алдық және бізге әрі қарайғы қызметте қажет практикалық тәжірибемізбен алмастық, дейді жиынға қатысушы сержант Адай Жаппаров.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Egemen Qazagstan»
Маңғыстау облысы