Солардың бірі Данияр Рахымов жиһаз жасауды жақсы меңгерген. Ол өзіне жүктелген тапсырмаларды сапалы атқаратындықтан, әкімшілік тарапынана алған марапаттары аз емес.
«Біз көбіне мектептер мен университеттің заказдарын орындаймыз. Қазір жатақханаларға арнап жатынорындар, балабақшаларға киім ілгіштер, оқушыларға парта, орындықтар әзірлеп жатырмыз» дейді Данияр. Ал Андрей Майер наубайханада жұмыс істейді. Ол алты әріптесімен бірге күніне 700 бөлке нан пісіреді.
Облыс орталығына іргелес Заречный кентінде жұмыс істейтін ЕС-164/3 түзету мекемесінде бірнеше цех жұмыс істеп тұр. Мұнда төсек жабдықтарын да дайындайды. Бесаспап шеберлер ағашты жонып, темірден түйін түйеді.
Колония бастығының орынбасары Рүстем Рахметовтың айтуы бойынша, мұнда үш кәсіпкер өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Іскер азаматтар жазғытұрым жылыжай ашып, көкөніс өсіру үшін 160 шаршы метр жер дайындап қойыпты.
Бүгінде 140 сотталушы жұмыспен қамтамасыз етілген. Айлық табыстары арнайы жеке есепшотқа аударылады. Жалақының жартысын өздеріне қалдырып, қалған қаражатты берешектерін өтеуге, болмаса туған-туыстарына, отбасыларына аударуға құқылы.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы