ҚХЛ-да өнер көрсеткен кезден бері елордалық клуб өзінің ең үздік көрсеткішіне 2013/14 жылғы маусымда қол жеткізген. Сол кездері жерлестеріміз 52 кездесуде қарсыластар қақпасын 182 мәрте дәл көздеген еді. Биылғы маусымда Андрей Скабелканың шәкірттері 174 шайбаны қақпаға енгізді. Ал тұрақты біріншіліктің аяқталуы үшін «Барысқа» әлі жеті ойын барын ескерсек, онда жоғарыдағы көрсеткіштің өзгеруі әбден мүмкін. Алдағы күндері астаналықтар Уфаның «Салават Юлаев» (4 ақпан, қонақта), Новосібірдің "Сибирь» (12 ақпан, үйде), Қытайдың «Куньлун» (14 ақпан, үйде), Омбының «Авангард» (16 ақпан, үйде), Владивостоктың «Адмирал» (18 ақпан, қонақта), Хабаровскінің «Амур» (20 ақпан, қонақта) және Қытайдың «Куньлун» (22 ақпан, қонақта) клубтарына қарсы ойнайды.
Расында да «Барыс» биыл өте көп гол соғып, өз көрермендерін қуантуда. Осы көрсеткіш жағынан олар ҚХЛ-да үшінші орында тұр. Жерлестерімізден тек СКА мен «Йокерит» қана озып тұр. Санкт-Петербуртік ұжым 187 рет нысананы дәл көздесе, финдер 175 мәрте мергендік танытты.
«Барыстың» ҚХЛ-да соққан голдар саны
1 маусым (2008/09): 56 ойын – 174 гол.
2 маусым (2009/10): 56 ойын – 169 гол
3 маусым (2010/11): 54 ойын – 155 гол
4 маусым (2011/12): 54 ойын –160 гол
5 маусым (2012/13): 52 ойын – 175 гол
6 маусым (2013/14): 54 ойын – 182 гол
7 маусым (2014/15): 60 ойын – 170 гол
8 маусым (2015/16): 60 ойын – 167 гол
9 маусым (2016/17): 60 ойын – 151 гол
10 маусым (2017/18): 56 ойын – 148 гол.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН
«Egemen Qazaqstan»