Отандық ауыл шаруашылығын түсімі жоғары, бағасы қол жетімді дәнді дақылдар тұқымымен қамтып отырған серіктестіктің бұл салада 15 жыл тәжірибесі бар. Өткен жылы Қазақ ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе өндіріске енгізген қант қызылшасының жаңа сорты «Айшолпан» деп аталады.
- Біздің мақсатымыз қазақ диқандарының сапалы қызылша тұқымын егіп, мол өнім жинауына көмек көрсету. Отандық тұқымның сапасы шетелден миллиондаған долларға сатып алынатын тұқымнан еш кем емес, қайта өнімділіг анағұрлым жоғары екендігіне соңғы он бес жыл бойғы жұмысымыздың нәтижесінде көз жеткіздік. Біздің өнімді Украина, Ресей егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттары сынақтан өткізіп, жоғары баға берді. Ел диқандары да «Қамқорлықтың» тұқымына көше бастады, - дейді Қамқорлық» элиталық-тұқым шаруашылығының директоры Әлен Жолдасов.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы