Қазақстан • 04 Ақпан, 2019

Қаңтардағы ең төмен күнкөріс деңгейі 26 915 теңгені құрады

690 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің сайты жазды.

Қаңтардағы ең төмен күнкөріс деңгейі 26 915 теңгені құрады

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтыңжан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,8%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 20,5%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,5%, жемістер мен көкөністерді – 8,3%, нан және жарма өнімдерін – 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,2%-ды құрады. 

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.