24 Қазан, 2012

Қазақстан қоғамындағы толеранттылық және Қазақстан халқы Ассамблеясы

1121 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Қазақстан қоғамындағы толеранттылық және Қазақстан халқы Ассамблеясы

Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:20

Отанымыз – ортақ үйіміз

Мемлекет басшысы – Ұлт көш­бас­шысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстан­ның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпы­ға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстан білім қоғамы жолында» инте­рактивті дәрісі қазіргі уақытта барша қазақстандықтардың басты назарында болып отыр. Елбасы аталмыш мақала­ларында тәуелсіздік жылдары мен бей­біт кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-эко­но­ми­калық қайта түрленуіне толық­қан­ды талдау жасаған болатын. Сондай-ақ, Елбасы ХХI ғасырдың реалийлеріне сәй­кес әрекет етудің тактикалық жос­парларын нақтылай отырып көрсеткен.

Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:20

Отанымыз – ортақ үйіміз

Мемлекет басшысы – Ұлт көш­бас­шысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстан­ның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпы­ға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстан білім қоғамы жолында» инте­рактивті дәрісі қазіргі уақытта барша қазақстандықтардың басты назарында болып отыр. Елбасы аталмыш мақала­ларында тәуелсіздік жылдары мен бей­біт кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-эко­но­ми­калық қайта түрленуіне толық­қан­ды талдау жасаған болатын. Сондай-ақ, Елбасы ХХI ғасырдың реалийлеріне сәй­кес әрекет етудің тактикалық жос­парларын нақтылай отырып көрсеткен. Әсі­ресе, Президенттің қазақстандық та­быс­қа қол жеткізудің үш кілті туралы ережені шығармашылық көзқараспен қарастыра келе, оны байыпты да терең тұрғыдан мазмұндауында да үлкен тео­риялық және практикалық мән жатыр. Бұл, біріншіден, 135 этностың басын бі­рік­тіруші бүкіл қазақстандықтардың ын­тымақтастығы. Екіншісі – толерант­тылық болса, ал үшіншісі – тарихи тағдырлардың қауымдастығы.

Толеранттылық XXI ғасырда эконо­ми­калық дамудың маңызды факторы және әлемдік экономиканы рецессия жағдайынан алып шығушы тұтқа болып отыр. Қазақстанда бұл тәсіл уа­қыт­пен тексеріліп, сынақтан өткізілген, сондай-ақ оның тиімділігі тарихпен дә­лелденген. Қазақстан осында өмір сү­ріп жатқан әртүрлі ұлттар мен ұлыс­тар­дың шынайы Отаны бола білді. Олар­дың жалпы тарихи тағдырлары ұқсас және біздің бәріміз үшін бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық және конфес­сияаралық татулықты сақтау маңызды болып қала бермек. Тек өзінің ұлттық шығу тегін сыйлаған адам ғана басқа­лардың мәдениетін сыйлай алады. Бас­қа этностардың рухани дүниесін терең түсіне білгенде ғана сол түрлі ұлт адамдарының басын біріктіре алады.
Көптеген этностардың Қазақстанға өз еріктерімен қоныс аудармағаны мә­лім. Ұлан-байтақ Қазақстанның кең жазира даласы жер аудару орны болды. Басқа этностардың өмірі туралы неғұр­лым көбірек білуге, ортақ тамыр табуға ұмтылу азаматтардың басын біріктіре отырып, ұлтаралық жанжалдар мен өзара өкпе-реніштерге жол бермейді.
Бірыңғай жалпықазақстандық мәде­ниетке тоғысқан, өзінің қайталанбас қыр­ларымен көзге ұрарлық әртүрлі этностардың өнері мен салт-дәстүрлері Қазақстан Республикасының Прези­ден­ті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назар­баев­тың жүргізіп отырған ұлттық саясатына алып келді. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің барлық баяндамаларында ең бастысы – ел ішіндегі тұрақтылық пен бейбіт­шілік, ұлтаралық келісім екенін баса айтуы тегіннен тегін емес.
Адамзаттың көптеген мыңжылдық­тар бойы жинақтаған тарихи бай тәжірибесі барлық күрделі әлеуметтік мәселелердің түп-тамыры мен кез келген қоғамдағы ұлтаралық қарама-қайшылықтың шешімін таба алмаудың бірден-бір себебі – адамдардың мәдени артта қалушылығы мен надандығында екенін көрсетіп берді. Бұдан шығар қорытынды, мемлекеттің ішкі саясаты азаматтардың жан-жақты және үздіксіз білім алуының дамуына, қоғамның ғы­лы­ми және кәсіби деңгейге көтерілуіне сүйенуі тиіс.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жыл­дарындағы айқын оқиғаның бірі –рес­публиканың қоғамдық-саяси көк­жиегінде этносаралық қатынастарды үйлестірудің жаңа институты – Қазақ­стан халқы Ассамблеясының құрылуы болып табылады. Ассамблея ұлтаралық тұтастық пен келісімді сақтауға іс жү­зінде өз үлесін қосып, бейбітшілік үлгі­сі мен көпұлтты халықтың рухани-мә­дени қайта өркендеуіне ұйытқы болды.
Мен Қазақстан халқы Ассамблея­сының құрылуы Президентіміздің кө­ре­генді шешімі дер едім. Бұл қоғам­дық-саяси жағдайды тұрақты түрде сақ­тау факторы болып табылады. Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттерінің бірі ретінде білім беру орындары мен жоғары мектептердің мәдени-ағарту қоғамдарымен және этно-мәдени бірлестіктерімен тығыз ынтымақтастықта болуын, білім беру жүйесі арқылы Қазақстанда тұрып жатқан барлық аз ұлттардың тілін, тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамыту мәселесін де қойып отыр. Бұл дегеніміз, білім беру жүйесі қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси даму жүйесі болып табылады, ол ұлттық болашақпен тығыз байланысты болып, халықтың материалдық емес мәдени мұрасын сақтап қалу мен дамытуға ықпал етеді.
Демократиялық үдерістерді жүзеге асырудағы серпінділік пен жүйелілік біздің азаматтарымыздың білімге деген көзқарас психологиясын түбегейлі өз­герт­ті. Мұның бір көрінісі ретінде ұлт­тық-этностық түп-тамыры негізінде кә­сі­би біліктілік, білім алуға деген ұмты­лысты атауға болады. Этно-мәдени бі­лім беру кеңістігі мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде белсенді түрде құрыл­ған. Этно-мәдени білім берудің базалық жоспарына ұлттық мәдениет пен халықтық педагогика бөліктерін енгізу қарастырылған.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қа­зақ­стан азаматтарын өз еріктерімен әлем­­дік және дәстүрлі діндердің жал­пы­адамзаттық құндылықтарының рухани негізінде бірігуге шақырады. Және бұл қоғамдық институт заманауи әлемдегі көпмәдениеттілік, этностық және діни саналуандылық – бұлар шақыру емес, стратегиялық басымдық пен экономи­калық және әлеуметтік тұрақсыздықты жеңіп шығудағы жаңа мүмкіндіктер өрісі екендігіне берік сенімді.
Қоғамдық ұлттық бірлестіктердің шоғырланған бай тәжірибесі мен интеллектуалды әлеуеті қазақстандық қоғамды бұдан былай да біріктіруді күшейтуге, Қазақстанның көпұлтты халқының мемлекеттік бірегейлендіруі мен оның азаматтық-саяси қауымдас­тығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ассамблеяның арқасында этностық топтардың өздерінің тарихи отандарымен байланыс орнатып, интеграциялық үдерістері кеңейтілуде. Сондай-ақ, Ассамблея қызметі ұлтаралық қарым-қатынастар мәселелерін тиімді шеше алатын ел ретінде республикамыздың халықаралық беделінің өсуіне өз ық­па­лын тигізуде. Мәдениетті идеология­ның «қызметшісі» ретінде қарайтын тоталитарлық түсініктен бас тарта отырып, Ассамблея халықты мәдениет кез келген халықтың бет-пердесін анықтау­шы салт-дәстүр, дін, мораль, өнер, идео­логия, саяси және құқықтық сана сияқты құндылықтардың жинағы деп қарауға шақырып және ол қоғамның жүйелі негізін құрайтынын, сонымен қатар, оның базистік құндылықтарын қалыптастыратынын дәлелдеп берді.
Қазақстанның өркендеп дамуға қа­рыштап қадам жасауында білім беру ерекше рөл атқарады. Білім берудің заманауи жүйесі өз маңыздылығымен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени әлеуметтік өмірдегі басқа да салаларға ықпал етуі бойынша айрықша маңызды және басым жүйенің бірі болып табылады. Мемлекет басшысы отандық бі­лім беру жүйесінің алдына жаңа мін­деттер қойып отыр. Бүгінгі күні Қа­зақстанда білім берудің барлық дең­гейін – балабақшадан бастап жоғары білім мен ғылымға дейін тиімді жүйе­леуші, инновациялық білім берудің тұтастай қазақстандық үлгісін қалып­тас­тыру үшін негіз бар.
Жоғары мектептің педагогы ретінде мені қазақстандық жастарды тәрбиелеу мәселесі толғандырмай қоймайды. Абай атындағы ҚазҰПУ – еліміздің ең ба­йыр­ғы оқу орны. Аталмыш оқу орнында әр жыл сайын болашақ маман­дар­дың қа­тарын педагогтар, заңгерлер, жур­на­лис­тер, тіл мамандары мен елта­ну­шылар­дың жаңа тобы толықтырады. Ертеңгі күні олардың көпшілігі тек оқытып және тәрбиелеп қана қоймай­ды, сондай-ақ, Қазақстанның мәдениеті мен ғы­лы­мын Қазақстаннан сырт елдерге де таныстыратын болады. Сол себепті бү­гін­де біздің жоғары оқу орнымыздың про­фессор-оқытушылар құ­рамына қо­йы­­латын талаптар да жо­ғары болып отыр.
Елбасының білім берудің барлық сатыларына, оның қатарында жоғары оқу орындарында да «Қазақстандық құ­қық», «Өлкетану», «Акмеология» сияқ­ты пәндерді енгізу туралы ұсынысы да өзекті мәселелердің бірі. Егер педа­гог­тың жеке мәртебесі мен нақты қызметі, шығармашылық белсенділігі жалпы­мем­лекеттік міндетті шешуге – қазақ­стандық отансүйгіштік пен интерна­цио­нализмді нығайтуға бағытталған болса, онда мұндай жоғары мектептің талантты ұстаздарына қолдау көрсе­тілуі тиіс.
Республикамызда қазақ тілі мемле­кет­тік тіл болып табылады. Еліміз заң­на­масы барлық тілдердің тең құқықта болуын қарастырады. Тілдік саясат қазақ, орыс, ұйғыр, әзербайжан, кәріс, күрд және басқа да ұлт тілдерінің бірігуін көздейді.
Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығында күрд тілін оқыту курстары ұйымдастырылған, «Хеви» («Үміт») қазақ-күрд достық қоғамы құ­рылған. Академиктер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, күрд кәсіпкерлері Қазақ­станның барлық этнос өкілдері арасын­дағы достық идеяларын насихаттауда. Қазақ жазушыларының еңбектері күрд тіліне аударылса, күрд жазушыла­ры­ның еңбектері қазақ тіліне аударылуда. Барлық ұлт өкілдері қатыса алатын ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, ұлттық мерекелер жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады.
Күрд тілінде жарық көретін газет-журналдарда, оқулықтарда толерант­ты­лық мәселелеріне, ұлтаралық келісімге және еліміздегі тыныштық сақтау мәсе­лелеріне көп көңіл бөлінеді. Қауым­дас­тық жастарды тәрбиелеу саясатын қа­зақстандық отансүйгіштік рухпен ұш­тастыра отырып жүргізіп келеді, сол арқылы барлық туысқан этнос өкіл­деріне, олардың еңбектеріне құрметпен қарауды үйретуге көп көңіл бөледі. Күрд жастарын жалпықазақстандық бір­лік рухында тәрбиелеу – «Барбанг» қауымдастығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ең басты міндетте­рінің бірі болып есептеледі. Білім мен еңбек, Отанға деген сүйіспеншілік, қо­ғамды жаңғырту үдерісі жолында бар­лық қазақстандықтардың біртұтас болып бірігуі және әр ұлттың ондағы алатын орнын түсіне білуі әрбір қаза­қ­стан­дық азаматтың өзін өзі ұйымдастыру дәрежесі мен жауапкершілікті түсіну дәрежесін көтереді.
Қазақстанға сталиндік репрессия кезінде еріксіз қоныс тепкен күрдтерді Ұлы Даланың өкілдері – қазақтар бар мейірімін төгіп, құшақ жая қарсы алды. Дархан қазақ даласы күрдтер үшін туған бесік бола білді, дәл осы жерде біз Қазақстан Республикасының Ата Заңында көрсетілген құқықтар мен еркіндікті барлық азаматтармен бірдей дәрежеде пайдалана аламыз. Мұны біле жүргеніміз абзал.
1988-1990 жылдардағы Кавказдағы тұрақсыздық жағдай мен таулы Қара­бақтағы оқиғалардан кейін күрдтердің жаңа тобы Қазақстанға тағы да қоныс аударып келе бастады. Қазақ халқы еш­уа­қытта күрдтерден қамқорлығы мен мейірімін аяған емес. Қиын-қыстау жағ­­­­дайларда негізі қаланған достық қа­­­рым-қатынасты ешуақытта жоғалтып алмауымыз керек. Қазақтар мен күрд­тер өз­де­ріне ортақ үйде – егеменді Қа­­зақ­станда өмір сү­руде, еңбек етіп бар­­­лық күш-жігерлерін егемен елімізді көр­кейту үшін, гүл­дендіру үшін жұмсауда.
Қазақстан Республикасының Прези­денті Н.Ә.Назарбаевтың жетекшілігі­мен жүргізіліп отырған саяси басшы­лы­ғы моральдық және материалдық қа­тынаста күрделі болып келетін ұлттық азшылық мәселелеріне үлкен түсіну­шілікпен қарайтынын баса айтуымыз қажет. Елбасы өзінің «Қазақстан- 2030» атты ұзақ мерзімді бағдарламасында: «Біз, қазақстандықтар адамдардың ара­сындағы өзара байланыс пен қатынас­ты күшейту үшін ұлттық ынтымақ­тас­тығымызды нығайта түсеміз және өзі­міздің ұлттық әлеуетімізді кеңейте береміз», деп атап көрсеткен болатын.
Барлық қазақстандықтар секілді күрдтер де кең байтақ қазақ елінде өмір сүріп отырғанын мақтан етеді. Әлемдік ауқымда өзіндік орнын таба білген көрнекті мемлекет қайраткері Нұрсұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясаты Отанға үздіксіз қызмет етудің үлгісі болып қала бермек.
Князь МИРЗОЕВ, 
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ шығыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор.
АЛМАТЫ.