Фейсбук 2004 жылғы 4 ақпанда құрылған. Ұзақ уақыт бойы бұл желі тек Гарвард Университетіндегі Марк Цукербергтің шәкірттеріне ғана қол жетімді болды. Сол кезде Фейсбук пайдаланушыларының саны екі миллиардқа жететінін, ал Цукербергтің әлемнің ең бай адамдарының қатарына кіретінін ешкім де елестете алмады.
Алайда Фейсбуктің танымал болуына көптеген дау-жанжал себеп болды. 2018 жылдың көктемінде компания саяси дау-дамайдың ортасында қалды. Кейін американдық Конгресс тыңдауы кезінде Цукерберг көпшілік алдында кешірім сұрап, жеке ақпаратты сақтау жұмыстарын қайта қарауға уәде берді.
АҚШ-та сайлау алдындағы жарыс кезінде Cambridge Analytica компаниясы америкалық сайлаушылардың таңдауын алдын ала талдау мақсатында Фэйсбуктің 50 млн пайдаланушыcының мәліметтерін заңсыз пайдаланған.
«Көптеген адам осы платформаға үйренген. Иә, Фейсбук бизнес-моделі тұтынушылар туралы ақпарат жинау үшін жарнама берушілермен байланыс жасайды. Бірақ бұл ыңғайлы қосымшаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Мұның барлығы адамдардың қызығушылығын арттырады», - дейді Калифорния университетінен Джесс Голдхаммер.
Ұлмекен АДАЙХАН,
Еуразия ұлттық университеті