30 қаңтар мен 5 ақпан аралығында «Барыс» СК 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер командалары арасында шайбалы ойындардан 4 жылда бір рет өткізілетін жарыстарға Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Алматы және Ақмола облыстарынан, сондай-ақ Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларынан сегіз қазақстандық команда қатысты. Астана құрамасының сапында №10 астаналық спорт мектебінің хоккейшілері ойнады. «Астана» командасы қала мен мектептің намысын абыроймен қорғап, жастар ойындарының алтын медаліне ие болды. Турнир иелері 21 ұпай жинап, қарсыластарынан озып шықты. Ақтық ойынды Қарағанды облысының командасымен ойнап, 3:2 есебімен аяқтады.
«Ойын жоғары деңгейде өтті. Қарсыластардың көңіл-күйлері өте тамаша. Барлығының жеңіске деген талпынысы өте жоғары. Қысқы жастар ойындарында бірінші орын мен үшін де, бүкіл команда үшін де, біздің мектеп үшін де жоғары нәтиже. Төрт жылда бір рет өткізіліп отырған турнирде ойнау біз үшін үлкен құрмет. Сондықтан да біз өз клубымызды жоғары деңгейге жеткізу үшін барыншатырыстық, бұл біздің және команданың жетістігі», - дейді, «Астана» командасының шабуылшысы Богдан Петроченко.
Шайбалы хокккейден ІІІ қысқы жастар ойындарының қорытындысы бойынша екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының командасы,ал қола медальді Қарағанды облысының хоккейшілері иеленді.