Қазақстан • 06 Ақпан, 2019

Шет елдерден әкелінген автокөліктерді тексеруге болады

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл автокөліктердің шет елдерден заңды әкелінгенін мемлекеттік кірістер органдарына хабарласып, білуге болады деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Шет елдерден әкелінген автокөліктерді тексеруге болады

Қазіргі уақытта халық Армениядан және Қырғызстаннан жеңіл автомобильдерді әкелу мүмкіндігіне белсенді қызушылық танытуда. Осыған байланысты Қырғызстанда 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде, Арменияда 2014 жылғы 10 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде рәсімделген автокөліктер шетелдік тауарлар болып табылатынын жеткіземіз.

Автокөліктерді Қазақстан Республикасына әкелу кезінде ресімдеу және кедендік төлемдерді төлеу керек.

Қазақстанға 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін Қырғызстанда және 2014 жылғы 10 қазанға дейін Арменияда рәсімделген автокөліктерді шектеусіз әкелуге болады.

Автокөліктерді сатып алу кезінде азаматтарға аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің 8-800-080-6452, 70-14-81, 71-86-18 нөмірлеріне хабарласып, автомобильдердің заңды әкелінгенін және кедендік тазартудан өткендігін тексеруге кеңес береміз.