29 Қыркүйек, 2012

1 қазан – халықаралық Қарттар күні

435 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

1 қазан – халықаралық Қарттар күні

Сенбі, 29 қыркүйек 2012 8:44

«Ардагер» ардагерлерді емдейді

Денсаулық сақтау сала­сында  еңбек ету үлкен жа­уапкершілік жүктейтіні белгілі. Себебі, сала жұмы­сы адам өмірімен тікелей бай­ла­нысты,  жанына шипа іздеген аурудың тағдыры дә­рігерлер мен медбикелердің  кәсіби біліктілігіне тәуелді.  Ауруды анықтау ешқандай қателікті көтермейді. Соның ішінде соғыс және еңбек ардагерлері бекітілген «Ардагер» емханасы қыз­мет­кер­ле­рінің жұмысы екі есе жа­уапты десем, артық айт­қан­дық болмас. Аты айтып тұр­ғанындай, емхана  арда­гер­лер­дің денсаулығын көздің қа­рашығындай сақтауға, ола­р­­дың ауруларының ал­дын алуға және емдеуге мін­детті.

 

Сенбі, 29 қыркүйек 2012 8:44

«Ардагер» ардагерлерді емдейді

Денсаулық сақтау сала­сында  еңбек ету үлкен жа­уапкершілік жүктейтіні белгілі. Себебі, сала жұмы­сы адам өмірімен тікелей бай­ла­нысты,  жанына шипа іздеген аурудың тағдыры дә­рігерлер мен медбикелердің  кәсіби біліктілігіне тәуелді.  Ауруды анықтау ешқандай қателікті көтермейді. Соның ішінде соғыс және еңбек ардагерлері бекітілген «Ардагер» емханасы қыз­мет­кер­ле­рінің жұмысы екі есе жа­уапты десем, артық айт­қан­дық болмас. Аты айтып тұр­ғанындай, емхана  арда­гер­лер­дің денсаулығын көздің қа­рашығындай сақтауға, ола­р­­дың ауруларының ал­дын алуға және емдеуге мін­детті.

Емхананың тыныс-тіршілігімен та­ныс­пақ болып келген біздің көзіміз көрген мұндағы жинақылық пен ұқып­тылық, тазалық пен дәрігерлердің іл­ти­патты қызметі жүрегімізге жылы­лық ұялатты.  «Ардагер» емханасының бас дәрігері Тотия Иманқұлова – ұжым жұмысын ортақ іске жұмыл­дырып отырған білікті дәрігер, беделді басшы.  Ақтөбе мемлекеттік медицина инсти­тутын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген ол мамандан­дыру­дан өткеннен кейін еңбек жолын терапевт дәрігерден бастап, кардиолог дә­рі­герлік қызметін де атқарған. 2005 жыл­дан бастап осы емхананы бас­қарып келеді.
– Соғыс және еңбек ардагерлері үшін  өз алдына дербес ашылған мұндай емхана  Алматы мен Астананы есептемегенде, облыстардың ішінде бізде ғана бар, деп бастады әңгімесін Тотия Сыдыққызы. –  Ашылғанына жи­ырма бес жылдан астам уақыт болған емдеу мекемесінде бастапқыда тек Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ғана медициналық көмек көрсетіле­тін-ді. Ұлы Жеңістің 60 жылдығы құрметіне орай  бұл санатқа соғыс ардагерлеріне теңестірілген тыл еңбек­кер­лері қосылды. Емхананың мате­риал­дық-техникалық базасы, қаржы­лай жағдайы жақсара келе олармен бірге Ауған соғысына және Чернобыль апатын ауыздықтауға қатысушыларға, Семей ядролық полигонынан зардап шеккендерге  тегін медициналық кө­мек көрсетіле бастады. Қазір емханада 347,  Ұлы Отан соғысына және 13272  тыл­дағы еңбек майданына қатысушы­лар,  Ауған соғысына қатысқан 662 азамат, Семей ядролық полигонынан зақымданған 381 адам, Чернобыль апатынан зардап шеккен 239 адам  тегін медициналық көмек алады. Жалпы  2005 жылы біздің емханада 3000 адам есепте тұрса, қазір олардың саны 15 мыңнан асып жығылады. Шыны керек, олардың ауруларының  да өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның өзі әр нау­қасқа мейлінше жан-жақты назар аударуды алға тартады. «Ардагердің» есе­бінде тұрғандардың  барлығына дәрі-дәрмек тегін беріліп, меди­циналық көмек ақысыз көрсетіледі, – дейді емхананың бас дәрігері Тотия Сыдыққызы.
Емханада  қабылдауға келген әр адам­ның мұнда тек медициналық кө­мек алуы ғана емес,  көңілі марқайып қайтуына да мән беріледі екен. Сондықтан да қызметкерлердің адами қасиеттері мен жайдары мінезді болуы қажеттігі, пациенттермен ортақ тіл табысу бірінші кезекке қойылады. Өздері қарттық­тың тауқыметін тартып жүрген, сон­дай-ақ, ауру қажытқан жан­ның  ден­сау­лығы үшін  қолдан кел­геннің бар­лығын жасап жатқанын сезінуі дертін сылып тастағандай әсер­ге бөлейтінін дәрігерлер де түсінеді. Бұл бағытта алдыңғы толқыннан кейінгі жастарға үлгі болар ұлағатты ұрпақтар сабақ­тастығы үзілген емес.  Жастар өз ісінің білгірлері бірінші дә­режелі дәрігер Гүлжихан Қалменова­дан, эндокрино­лог Жайнагүл Төлеге­но­вадан, кардиолог Айгүл Сәрсен­баева­дан, рентгенолог Аманжол Әмі­ре­евтен үлгі-өнеге алады. Емханада жұмыс істейтіндер өз ісіне берілген мамандар. Әйтпесе, күн сайын қабыл­дауға келетін жүздеген аурушаң   қарт адамның көңілінен шығу оңай  емес.
– Келушілер  емханаға енгеннен-ақ өздеріне көңіл бөлінгенін сезінуі үшін интерьерден бөлмелерге  дейін  тар­тымды етуге тырыстық. Ал келушілерді тіркеу мен дәрігерлердің қабылдауы аралығында ұзақ күтіп қалмауы да назарда  ұсталады. Бізде есепте тұрған ардагерлердің медициналық деректерін тез тауып, қай маман дәрігерге баруы да уақыт алмай тез анықталады. Бөлмелерді таза, ұқыпты ұстау да қалыптасқан дәстүр, шашау жатқан ешнәрсе болмауын қадағалаймыз, – дейді Тотия Сыдыққызы сәл үзіліп қалған әңгіме желісін жалғай отырып.
Бұл арада әрине, облыстық әкім­діктің ұдайы қолдау-көмек көрсетіп келе жатқанын атап айту орынды болмақ.  Облыстық бюджеттен қаржы бөлінуінің арқасында бұдан біразырақ бұрын емхананың шатыры жаңар­тылды, ішіне де жөндеу жұмыстары жүргізілді, емхана жанынан науқастар мен мүгедектерді оңалту орталығы ашылды.  Жыл сайын жаңа қондыр­ғылар сатып алынуда.  Соңғы  жыл­да­ры 12850 мың теңгеге «ERGOS» лор,  119900 мың теңгеге  «TOPCON» офта­льмологиялық комбайндары, 4280 мың теңгеге «METROLAB PLUS-2300»  био­химиялық анализаторы,  995 мың теңгеге  «QUALITI» тіс емдеу аппара­ты сатып алынған.  Бұл қондырғылар  ардагерлерге сапалы медициналық көмек көрсетуге анағұрлым қолайлы бола түсті. Емханада есепте тұратын 108 адамға қызмет  үйлерінде көрсе­ті­леді. Емханада есепте тұратындар жылына екі рет арнайы диспансерлік меди­ци­налық тексеруден өткізіледі. Мұндай кезде жүруге мүмкіндігі жоқтарға үйлерінде кешенді тексеру жүргізіледі. Олар қатты науқастанып қалса, оларға дәрігерлер жедел жетеді, ол үшін арнайы автокөлік бөлінген.
Емханада 65 адам еңбек етеді екен.  Ұзақ жылдар осы жерде табан аудармай еңбек етіп келе жатқан  терапевт Татьяна Ляминаның, лор дәрігер Сәуле Рахиеваның, медбике Жұмасұлу Мауытованың және басқаларының кә­сіби біліктілігі мен адами қасиет­те­ріне, көрсеткен медициналық қызмет сапасы мен ыстық ықыласына қария­лар дән риза.
– Біз «Ардагер» емханасына өзі­міздің екінші үйіміздей келеміз. Дәрігерлер мен медбикелер туған­дары­мыздай қарсы алады, тегін дәрі-дәрмек береді, ауыра қалсақ, үйімізге келіп емдейді.Терапевттер Роза Құл­баевға, Татьяна Ляминаға, Жанна Дан­дығараеваға, кардиолог Айгүл Сәрсен­баеваға, медбикелер Дина Құрған­бековаға, Айсұлу Хайруллинаға, Мереке Сабыровқа алғысымыз шексіз, – дейді ардагер Әлихан Дандаев.
– Менің жасым тоқсаннан асты. Ұлы Отан соғысының ардагерімін. Мен өзіміздің «Ардагер» емхана­сы­ның дәрігерлерінің, медбикелерінің біліктілігі мен ілтипатты қызметіне дән ризамын. Олар – шын мәнінде адам жанының арашашылары. Қашан барсаң да қабағын шытпай қарсы алып, жаныңа мейірім шуағын құйып жүргендері ылғи да. Біз қарттар сондай ілтипатты көргенде ауруымыздан құлан-таза сауығып кеткендей боламыз. Емдеуі де, адамға деген ықыласы да алабөтен емхана ұжымына алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – дейді Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Кокорев.
Әрине, мұндай алғысқа толы ыстық ықыласты көптеп келтіруге болады.  Осы емханаға келушілердің әрқайсысы осындай пікірде десек  қателесе қоймаспыз.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.