Қазақстан • 06 Ақпан, 2019

Алматы облысының өңдеу өнеркәсібі 762 млрд теңге пайда әкелді

1376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында «Индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өткен жылы бірқатар шара атқарылды.

Алматы облысының өңдеу өнеркәсібі 762 млрд теңге пайда әкелді

Атап айтқанда, бағдарламаның негізгі көрсеткіші болатын 3 индикатор бойынша істелген жұмыс нәтижелі болды. Осыған сәйкес, обылстағы өңдеуші өнеркәсіптің көлемі 1,7 процентке көбейіп, түсім көлемі 762 млрд теңгені құрады. Өткен жылы осы салаға 80 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. Сондай-ақ, өңірдің шикізаттық емес экспорт көлемі 14,6 процентке өсіп, тауар құны 298 млн АҚШ долларына жетті.

Ал «Индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы жүктеген тағы бір міндет аймақтың ауыл шаруашылығы саласында орындалды. Былтыр агоөнеркәсіп кешені жалпы құны 703 млрд теңгеден асатын өнім өндірген. Бұл бағытқа 82 млрд теңге инвестиция құйылған екен.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы