Бөбекжайдың құрылысы 2018 жылдың сәуір айында бастау алып, қазіргі таңда 35 адамды жұмыспен қамтып отыр. Былтыр Мұнайлы ауданында 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету көрсеткіші 96,7 % жеткен болатын, яғни 270 бала кезекте тұрған.
Ал биыл жыл соңына дейін осы ауданда 1352 орынды құрайтын 15 жеке меншік балабақша бой көтереді деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер 100 % толық балабақшамен қамтамасыз етілмек.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы