Аймақтар • 07 Ақпан, 2019

«Орал» халықаралық әуежайы» ҚПО қаржысына жөнделеді

831 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда халықаралық әуежай кешенін жаңғырту жобасы қолға алынды. Жобаның құны шамамен 2,7 млрд теңгені құрайды. Құрылыс ҚПО б.в компаниясының әлеуметтік-инвестициялық жобалары шеңберінде қаржыландырылмақ.

«Орал» халықаралық әуежайы» ҚПО қаржысына жөнделеді

Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Медет Шақаев мәлімдеді. «Орал» ӘКК мен «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС арасындағы бірлескен жоба 2018 жылдан басталған.

Әуежай ғимаратын жаңғырту жобасы терминалдың өткізу қабілетін тәулігіне бір сағатта 400 адамға дейін, жолаушылар айналымын жылына 320 мың адамға дейін көбейтуді көздейді.

Қазіргі таңда Орал қаласы әуежайының қызметін «Эйр Астана» , «Бек Эйр» , «Казақ Эйр» АҚ, «СКАТ», «Сибирь» секілді 5 әуе компаниясы пайдаланып отыр. Оралдан Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Франкфурт, Мәскеу, Шарм әш-Шейх қалаларына ұшуға болады.

- 2018 жылы Батыс Қазақстан облысында кіші авиацияны дамыту шеңберінде Сайқын, Жәнібек және Қазталов аудан орталықтарында аэродромдар құрылысын салу үшін техникалық құжаттамалар әзірленді, - дейді Медет Шақаев.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан