Аймақтар • 07 Ақпан, 2019

Жүкті әйел Арқалық ауруханасына аман жеткізілді

674 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қардың қалың түсуінің, ауа температурасының төмендеуінен, көру мүмкіндігінің қиын және жолдардың кейбір тұстарын қар басып қалуының салдарынан елді мекендер мен автокөліктерге құтқарушылардың көмегі ауадай қажет болып тұр.

Жүкті әйел Арқалық ауруханасына аман жеткізілді

Арқалық қаласынан 120 шақырым жерде орналасқан Екідің ауылында жүкті әйелді ауруханаға жедел жеткізу қажеттігі жөнінде хабарлама келіп түсті. Арқалық қаласындағы Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің құтқарушылары жүрдектігі жоғары Нива Марш – БРОНТО арнайы техникасымен жолға шықты.

Арқалық қаласынан 110 шақырым жүріп өткеннен кейін Жаңақала ауылының аумағында жүкті әйел жолдасымен және медициналық қызметкері бар жедел жәрдем бригадасы қарсы кездесті. Құтқарушылар жүкті әйел мен оның қасындағы адамдарды жүрдек техникаға отырғызып, Арқалық перзентханасына аман жеткізді.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай