Әлем • 07 Ақпан, 2019

Қазақстан мұнайын тасымалдаушылар Босфорда тоқтап тұр

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия билігі бұғаздан өтудің жаңа ережесін қабылдауына байланысты 41 миллион мұнай баррелі тиелген қазақстандық және ресейлік танкерлер Босфор мен Дарданеллаға өтер жолда тоқтап тұр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Қазақстан мұнайын тасымалдаушылар Босфорда тоқтап тұр

Қазіргі таңда бұғаздан өту үшін 55 танкер, оның ішінде 21 suezmax және 26 аframax санатындағы танкерлер кезекте тұр.  Былтыр қыркүйекте Анкара басшылығы навигация ережелерін күшейтіп, бұғазда міндетті түрді буксир қолданатын кемелер тізімін кеңейтіп тастады. Осыдан кейін Босфор мен Дарданеллада танкерлер мен астық тасушы кемелер жинала бастады.

Бұрын Қара теңізден Эгейге өту үшін бес-алты күн күту керек болса, енді кемелер 16 күн күтуге мәжбүр. Ал Эгей теңізінен Қараға өту бұрын алты күнді алса, енді 14 күн қажет.  2019 жылдың басынан бұғаздарда рекордтық кеме саны жинала бастады.