Қазақстан • 07 Ақпан, 2019

ІІМ Болгариядан 382 млн теңге жымқырған қарағандылықты экстрадициялады

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ Интерполы Максим Леонтьевті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Болгариядан экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

ІІМ Болгариядан 382 млн теңге жымқырған қарағандылықты экстрадициялады

«Ұсталған азамат 2012-2017 жылдар аралығындағы кезеңде  Қарағанды облысы Ақтау қаласындағы «Central Azia Cement» АҚ-да өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпорынның 382 млн. теңге сомасына ақшалай қаражатын жымқырғаны үшін күдікті», - делінген хабарламада.

Леонтьев қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, осыған байланысты оған халықаралық іздестіру жарияланған.

«Адамды экстрадициялау қазақстандық құқық қорғау органдарының Болгарлық әріптестерімен үйлесімді әрекеттерінің арқасында мүмкін болды», - делінген хабарламада. Қазіргі таңда, күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.