Еуразиялық интеграция – әлемдік қиындықтарға қарсы қамал
Сенбі, 22 қыркүйек 2012 7:27
Бұл бастаманың ТМД кеңістігіндегі интеграциялық үдерістер үшін серпін бергенін көрмеуге болмайды. Одан кейінгі жылдары ол Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Еуразиялық экономикалық қауымдастық, Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кеден одағы сияқты бірқатар табысты мемлекетаралық құрылымдарды құруда сатылап өмірге еніп келеді.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Сенбі, 22 қыркүйек 2012 7:27
Бұл бастаманың ТМД кеңістігіндегі интеграциялық үдерістер үшін серпін бергенін көрмеуге болмайды. Одан кейінгі жылдары ол Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Еуразиялық экономикалық қауымдастық, Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Кеден одағы сияқты бірқатар табысты мемлекетаралық құрылымдарды құруда сатылап өмірге еніп келеді.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Әлем қазір қым-қуыт оқиғаларға толы. Дағдарыс пен қылмыс, есірткі саудасы мен діни ағымдардың лаңы небір «мен» деген еңселі елдердің өзін есінен адастырар халге түсірді. Мұндай келеңсіздіктермен күресу бірнеше мемлекеттерді өзара мүдде бірлігіне, сол арқылы күш бірлігіне алып келді. Экономикалық тұтастық – әлемді теңселткен түрлі алапаттардан сақтанудың бірден-бір жолы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ТМД кеңістігінде жаңа интеграциялық жоба – Еуразиялық одақ құру идеясын 1994 жылы-ақ ұсынды. Бұл тектен-текке айтылған ой емес, ішкі әлеуеті енді ғана артып келе жатқан Қазақстан әлемді шарпыған қиындықтарға қарсы тұрып, төтеп беруге қабілетті болуы керек еді. Қиындықтар Қазақстанды айналып өтетініне ешкім кепілдік бере алмайтын. Сондықтан, бізге не нәрсенің де алдын алу, қамдану қажет еді. Біртұтас экономикалық кеңістік – мемлекеттердің Еуразиялық одағы осы мақсаттардың нәтижесі.
Ел өмірінің дамуына көз жіберсек, Ұжымдық қауіпсіздік Шарты ұйымы, Еуразиялық экономикалық қауымдастық секілді мемлекетаралық құрылымдар сатылары қаланған кеңістік бізді Кеден одағына алып келді. Арнайы Кеден кодексі әзірленіп, Кеден комиссиясы құрылған Одақ, басқаны айтпағанда, Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы тауар айналымын арттырып, кедендік бақылауды жойды.
Еуразиялық одақтың алдына қойған мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның әріптес мемлекеттермен мүдде біріктіріп, қол ұстасып, әлемдік қиындық-қыспақтардан әрі өтуі. Мақсат та, мүдде де – осы.
Мұханбет ЖҮНБАСОВ,
«Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық
филиалы төрағасының орынбасары.
АҚТАУ.