07 Ақпан, 2019

Шабытты күйде туған шедевр

482 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аяқ басқан жылымызды – Жастар жылы деп жариялады. «Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар, жаннан қымбат оларға ар» деп Мағжан айтқан қасиеттер жас буынның бойынан табылуға тиіс. Балқожа би де немересі Ыбырай Алтынсаринге «үміт еткен көзімнің нұры балам» деп қараған жоқ па?! Ендігі дүниеге келер қазаққа аға болуға жарайтын бүгінгі жас буын аға атына лайық болу үшін де жан-тәнімен еңбек етуге міндетті көрінеді. Осы орайда әдебиетіміздің де үміт еткен жастары санатына кірген бір топ жастың аяқ алысын сіз де бағамдап көріңіз, оқырман.

Шабытты күйде туған шедевр

«Blood on the Tracks» шедеврін жазу да Диланның ұзақ мансабы сияқты шытырманға толы болды. Альбомның нұсқасы Нью-Йорктегі студияда төрт күнде аяқталды. Диланның шыдамсыз шығармашылық қарқыны оның әндерін нақтылау үшін жиналған топты әбден шатастырды. Гитарист Эрик Вайсберг кейінірек бұл сәттерді еске түсіргенде «Мен Бобтың ән жазу барысына аса назар аудармағанын әрі қызықпағанын анық білдім. Ол көп шарап ішті, сәл ұқыпсыз болды, бірақ ол қателіктерді түзетпей, ке­ле­сі әнге ауысып, алға жылжуды та­­­лап етті» дейді. Сессияның екінші кү­нін­­де алты музыканттың біреуі ғана қалды.

Альбомның шығарылымы желтоқ­сан айының соңына жоспарланған еді. Альбом мұқабасы басып шығарылды, жарнамалық науқан аяқталып, таң­даулы радиостансаларға сынақ тираждары да таратылып қойған-ды. Көңілі толмаған Дилан Рождествоны өзінің ағасы әрі сенімді досы Дэвид Циммерманмен өткізді. Альбомды тыңдаған Дэвид әндердің тым өткір және қарапайым халықтың көңі­лінен шықпайтынын айтып, сол се­бепті оның коммерциялық тұрғыда сәт­сіздікке ұшырайтынын жеткізді. Бойын қорқыныш билеген Дилан өзінің триумфалды қайта оралуын шегеріп, соңғы минутта альбомның шығарылмауын талап етті.    

Содан кейін он әннің бесеуі Мин­неаполистегі Sound 80 студиясында Рождестводан кейінгі аптада екі күнде шұғыл арада жергілікті музыканттардан құралған топпен қайта жазылған. Қайта өңделген альбом 1975 жылдың 20 қаңтарында тез арада жарық көрді. Осындай түсініксіз әрі қиын мән-жайлардың ортасында керемет өнер туындысы дүниеге келді.

Blood on the Tracks жарыққа шық­қан күннен бастап, менің де өмірімнің саундтрегіне айналды. Бұл ән де Ван Мор­рисонның «Astral Weeks» пен Мар­вин Гайянның «What’s Going On» және Диланның 1966 жылы шыққан «Blonde on Blonde» сияқты классикалық әндер қатарына жайғасты. 90-жылдардың ортасында «Blood on the Tracks: The New York Sessions» деген атпен СD жа­рық көрді, бұл таспаның бейресми нұс­қасы ресми жарық көргеннен соң көп ұза­май шықты. Бұның тізіміне бұрынғы, спартандық «If You See Her, Say Hello and Idiot Wind» сияқты әндері кірді. Уақыт өте келе мен ресми нұсқа­ларға қарағанда бейресмилерін өте жақсы көрдім, өйткені шикі әрі әлі аяқталмаған күйде олар сезімтал және ашық естіледі.

Аударған Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»