Ал, 9 , 10 қабатты үйлерде баллондар бар екені анықталған жағдайда ескерту жасалады. Белгілі уақыт аралығында алып тастау керек. Соңғы үш жылда көпқабатты үйлерде газ баллондарын дұрыс пайдаланбау бойынша 8 оқиға тіркеліпті. Бір адам көз жұмған.
Сондықтан,қазір көпқабатты тұрғын үйлердегі газ баллондарын қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі және көпқабатты үйлерде балалардың отпен абайсыздығынан туындайтын өрт жағдайларының алдын алу мақсатында тұрғындарға ережелерді түсіндіру бойынша шаралар өтуде.
Басқармасының мәліметінше, облыстағы газ жеткізумен айналысатын жеке меншік ұйымдардың өкілдерімен де кездесулер өткізілуде.
Өңірдегі ауыл, қалаларда газды пайдаланатын тұрғындар аз емес. Мамандар қыстың аязды күндері тұрғындарды қандай бір жылыту құралдарын пайдаланған кезде аса сақ болуға шақырады.
Мәселе, газ баллон жабдықтарын жеткізу, оны жеке үйлерге, көп қабатты тұрғын үйлерге орнату және оны пайдалану мәселесіне баса назар аударылуда. Мысалы,облыс орталығындағы «ИнтерСнабГаз» ЖШС-нің мәліметінше өкілдерінің айтуынша, қала бойынша 3,5 мың абонент тіркелген.
Абоненттердің 130-ы қаладағы 9 қабатты тұрғын үйлерде тұрады. Кейбір тұрғындардың газ баллондарын жанармай құю бекеттерінен толтырып жүргендері де кездесіпті. Бірақ, қазір бұл жағдай бақылауда, жанармай бекеттерінен газ баллондарын толтырып жүрген тұрғындарға қатаң тыйым салынған. Ал, «ИнтерСнаб Газ» ЖШС өз тұтынушыларына газ баллондарын талапқа сай жеткізіп, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескеретеді. Өйткені, заңсыз әрекеттен қайғылы жағдай орын алуы да мүмкін. Тек қана сапалы қызметті пайдаланған жөн дейді мамандар.
Сақтансаң-сақтайды. Тұрғындардың газ баллондарын, пешті жағу кезінде қауіпсіздік шараларын дұрыс сақтамауы өртке себеп. Өткен жылы өңірде 873 өрт оқиғасы тіркеліп, 34 адам көз жұмған. Оқыс оқиға салдарынан 33 адам әртүрлі деңгейде жарақат алса, биыл басталған жылдың өзінде 46 өрт орын алып, 6 адам бақилық болыпты.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы