Референдум • Бүгін, 08:43

Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрметті референдумға қатысушы!

Сіздің референдумға қатысу­ға конституциялық құқығыңыз­ды іске асырудың кепілі – Өзіңізді республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізу.

Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ

Тізімді жергілікті атқарушы органдар дауыс беру үшін нақты учаскенің аумағындағы тұрғылық­ты жеріңіз бойынша тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар берген өтініші негізінде тізімге енгізіледі.

Дауыс беруге арналған учаскелер мен олардың шекаралары туралы мәліметтерді тиісті әкімдер 2026 жылғы 21 ақпанға дейін жариялайды. Сіз өзіңіздің учаскеңізді біліп, тізімге енгізілгеніңізді тіркел­ген жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға хабарласу арқылы тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда, Сіз әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.

2026 жылғы 27 ақпаннан бас­тап дауыс беру учаскеңізде Сіз­ге республикалық референдум­ға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміндегі өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Егер қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, Сіз дереу учаскелік референдум комиссиясына өтінішпен жүгіне аласыз.

Сізді азаматтық жауапкершілік танытуға және 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумға қатысу құқығыңызды пайдалануға шақырамыз!

Соңғы жаңалықтар

Жетісудың бал қымызы

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Дрон жасаған инженерлер

Технология • Бүгін, 08:45