Аймақтар • 07 Ақпан, 2019

Солтүстік Қазақстанда қызылша жұқтырғандардың саны 26-ға жетті

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ал  52 тұрғын аталған дертті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тіркеуде тұр.

Солтүстік Қазақстанда қызылша жұқтырғандардың саны  26-ға жетті

Былтыр  бір адам ғана қызылшамен ауырса, биыл жағдай алаңдатарлық.  Соңғы  жарты айда күдікке ілінгендердің қатары екі есеге дейін артқан.

Биыл жағдайдың дабыл қағарлық екенін қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары да жасырмайды. Олардың  мәліметіне қарағанда жұқпалы дертке  шалдыққандардың барлығы ауруға қарсы екпе алмаған.  Араларында  вакцина жетімсіздігі жайы да кездескен. Үш адам екпеден бас тартқан.

Бүгінгі күні 28 адам жазылып шықса, 23 адам ем-домын жалғастыруда.

Эпидемиологиялық жағдайлардың алдын алу, болдырмау шараларын одан әрі жалғастыру мақсатымен Батыс Қазақстан облысынан  қызылшаға, қызамық пен эпидемиологиялық паротитке қарсы 1500 дана вакцина алынып,  ауруханалар мен қалалалық емханаларға жеткізілген.

Қызылша жұқтырғандардың басым көпшілігі Петропавл қаласынан. Олардың арасында медицина саласының қызметкерлері де бар. Жартысынан астамы–кәмелетке толмаған балалар.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы