Әуежайға апаратын бұқтырма көшесі мен Құлжа тасжолының қиылысынан жаңа көлік жолайрығының құрылысын бастау жоспарланған. Одан бөлек қаланың алты бірдей ықшамауданында ұзындығы 50 шақырымнан асатын алты жол салынбақ. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер арналған жолдарға кеспе тас төсеу жұмыстары мен Жандосов көшесінің BRT желісі бойынша қайта жаңартылу жұмыстары аяқталады деп күтілуде.
Еске салсақ, өткен жылы реконструкция аясында мегаполистің бірқатар даңғылдарындағы жаяу жүргіншілер кеңістігі қайта кеңейтілді. Асфальттың орнына кеспе тастар төселіп, диодты жарық көздері, жаңа бағдаршамдар орнатылып, сұлу субұрқақтар қалаға сән-салтанат сыйлаған еді. Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары да толықтай жаңартылған болатын.
Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»