Талап бойынша 19 түрлі азық-түлік тауары күнделікті қолданысқа қажет. Яғни, әлеуметтік маңызды тұтынуға жатады. Облыс аумағында бұл өнімдердің сатып алу құны 1,4 проценттен 27 процентке дейін қымбаттаған. Әсіресе, қырыққабат, құс еті, күріш, қант, жұмыртқа сияқты тауарлардың құны күрт өскені анықталған. Бағаның өсуі Қарасай, Көксу, Панфилов аудандары мен Текелі, Талдықорған қалаларында байқалып отыр.
Сондай-ақ, облыста сары май, сүт өндіру көлемі азайыпты. Өткен жылдың есебі бойынша аймақтағы сары май шығару 22 процентке кеміп кеткен.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы