Парламент • 07 Ақпан, 2019

Парламент депутаттары - Ақшымырау ауылында

65 реткөрсетілді

5 ақпан күні қара шаңырақ Маңғыстау ауданына қарасты ең шалғай ауыл - Ақшымырау ауылында Парламент Мәжілісінің депутаттары - Өтемісов Шавкат Әнесұлы, Қайназаров Валихан Анарбайұлы арнайы барды. 

Алдымен мәжілісмендер Ақшымырау ауылындағы ауылдық Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде астаналық қонақтармен бірге "Нұр Отан" партиясының Маңғыстау облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Жайлыбаев Мұханбет Сәбенұлы және Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Махмутов Ерболат Хабиболлаұлы және ауыл тұрғындары қатынасты.

Өткен жылы 5 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланған. Осы Жолдаудың негізгі міндеттерін жүзеге асыру барысында депутаттар ауыл-ауылды аралап, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартып, Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуге тырысып бағуда. Елбасының мұндай Жолдауына қатысты ауыл тұрғындары қолдап, оң пікірлер айтып жатты. Ауыл тұрғындары ауылшаруашылық өнімдері жем мен шөптің бағасын төмендету, газ бен электр энергиясының бағасын бақылау, ауыл жастарының кәсіпкерлігін дамытудағы кедергілер жайында өз ұсыныс, сауалдарын қойды, оңтайлы шешілуін сұрады.

Бұдан бөлек Парламент депутаттары Өтемісов Шафкат сайлаушыларға Парламенттің заң шығарудағы қызметі туралы таныстырды. Әрі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелердің барлығы назарға алынғанын мәлімдеді.

Жиын біткен соң Мәжіліс депутаттары бастаған атқамінерлер Ақшымырау ауылындағы Тобанияз Әлниязұлы атындағы орта мектеп ұжымымен және ауыл жастарымен  кездесті.

Аллаберген ҚОНАРБАЕВ,

Маңғыстау ауданы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар