Қазақстан • 07 Ақпан, 2019

Елтаңба авторы Зауытбек Тұрысбековке рәміздің жаңа нұсқасын табыстады

1302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков әйгілі сәулетші, елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков пен түркітанушы ғалым, ф.ғ.д. Қаржаубай Сартқожаұлын қабылдады. Кездесу барысында елтаңба авторы Зауытбек Қауысбекұлына рәміздің (елтаңбаның) латын қаріптерімен өрнектелген жаңа нұсқасын табыстады.

Елтаңба авторы Зауытбек Тұрысбековке рәміздің жаңа нұсқасын табыстады

«Бұл рәмізді жасаған кезде Ташкентте тұрдым. Өзіңіз де ол өлкеде көп болдыңыз. Сапарларыңыздың бірінде қаланың қақ ортасында қараусыз қалған Төле би бабаның басына зәулім кесене тұрғызып, маңайын абаттандырған азаматсыз. Айтпағым, осы елтаңбаның шығуында Төле би баба рухының қоштау-қолдауы бар деп білемін. Сіз, өз кезегінде, сол баба зиратының ұмыт қалмауына әсер еткен адамсыз. Сондықтан сізге айтар алғыс мол. Еліміз қазір латын әліпбиіне көшіп, елтаңбамызға біршама өзгеріс енді, білесіз. «Қазақстан» сөзі жаңа қаріптермен өрнектелген рәміздің біреуін өзіңізге тапсыруды жөн санап отырмын. Төріңізде тұрғанын қалар едім. Елтаңбамыз тек қана Қазақстандағы қазақтар үшін ғана емес, жалпы дүниежүзі қазақтары үшін Атажұрттың таңбасы болып тұрсын деген ниетімнен деп ұғыңыз», - деді Жандарбек Мәлібеков.

Сондай-ақ сәулетші ДҚҚ Төрағасының бірінші орынбасарына елтаңбамен қатар рәміздің жасалу тарихы, ондағы таңба-белгілер жайындағы кітапты да сыйға тартты.