Аймақтар • 07 Ақпан, 2019

Алматыда биыл 120-дан астам көше жөнделеді

191 реткөрсетілді

Биыл Алматыда 120-дан астам көше жөнделеді. Бұлардан өзге қаланың алты ықшам ауданда ұзындығы 50 шақырымнан асатын жаңа жолдар салынады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (Қалалық мобилділік басқармасы болып өзгереді) ақпараты бойынша, мегаполисте жаяу жүргіншілер үшін жаңа тротуарлар салынады және BRT желісі бойынша Жандосов көшесін реконструкциялау аяқталады.

Абай даңғылы мен Сайын көшесін үңгілеу жалғасады, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында, сонымен қатар, Рысқұлов даңғылы, Құлжа тракті мен Емцов көшесінің бойында жолайрықтары салынады. «Әуежай» айналымы аталып кеткен Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактінің қиылысында жаңа жолайрығын салу жоспарланған.

Қала әкімі жұмыстарды барынша сапалы және қысқа мерзімде аяқтауды және қала тұрғындарына барынша жағдай жасауды тапсырды. Тротуарлар мен арық желілерін абаттандыруға, қолданылмайтын конструкцияларды алып тастауға, жасылдандыруға ерекше назар аударылады. Әр объектіде мердігер компания директорымен, техникалық бақылау жасайтын ұйыммен байланыс нөмірі және жұмыстың аяқталу мерзімі жазылған паспорт орнатылады.

Айта кетерлігі, бұрындары Алматыда 524 көше жөнделген еді, оның ішінде BRT желісі бойынша Мұстафин, Сүлейменов, Тимирязев көшелері қайта жаңарды. Назарбаев даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейін теміржол эстакадасы арқылы, сонымен қатар, Хмельницкий көшесі, Сүйінбай даңғылынан Жас қанат ықшам ауданына дейін үңгілеу жұмыстары атқарылды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Арыста 7073 үй қалпына келтірілді

Аймақтар • Бүгін, 17:15

Байсал тартқан балалар өлеңі

Әдебиет • Бүгін, 08:30

Күзетшіге мұқтаж елміз

Қоғам • Бүгін, 08:25

Ұқсас жаңалықтар