Футбол • 07 Ақпан, 2019

Қазақстан ФИФА рейтингінде екі сатыға көтерілді

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол қауымдастығы 2019 жылдың ақпан айына арналған әлемдік рейтингті жариялады.

Қазақстан ФИФА рейтингінде екі сатыға көтерілді

Қазақстан құрамасы өткен айдың қорытындысы бойынша екі сатыға көтеріліп, 117-орынға жайғасты. Ел қоржынында 1159 ұпай бар. Рейтингтің көшін 1727 ұпаймен Бельгия құрамасы бастап тұр. Екінші орынды 2018 жылғы әлем чемпионы Франция (1726) иеленсе, үздік үштікті бес дүркін әлем чемпионы Бразилия (1676) құрамасы қорытындылады. Сонымен қатар алғашқы ондықта да өзгеріс жоқ. 

Айта кетейік, Михал Билек шәкірттері 15-ақпаннан бастап Түркияда бір апталық оқу-жаттығу жиынын өткізіп, 21-ақпанда ФИФА рейтингінде 170-орында тұрған Молдова құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

ФИФА рейтингі: 7 ақпан, 2019 жыл

1 (1). Бельгия — 1727 ұпай
2 (2). Франция — 1726
3 (3). Бразилия — 1676
4 (4). Хорватия — 1634
5 (5). Англия — 1631
6 (6). Португалия — 1613
7 (7). Уругвай — 1609
8 (8). Швейцария — 1599
9 (9). Испания — 1591
10 (10). Дания — 1589
30 (28). Украина — 1482
50 (48). Ресей — 1424
78 (76). Беларусь — 1317
89 (95). Өзбекстан — 1275
91 (89). Грузия — 1269
95 (91). Кырғызстан — 1253
96 (96). Эстония — 1246
101 (101). Армения — 1222
108 (107). Әзербайжан — 1206
117 (119). Қазақстан — 1159
120 (118). Тәжікстан — 1155
131 (132). Латвия — 1112
132 (133). Литва — 1111
136 (127). Түркменстан — 1089
170 (170). Молдова — 979.