Спорттық шараға өңірдегі аудандар мен қалалардан 13 команда қатысты. Жергілікті филиалдарының мүшелері спорттың бірнеше түрінен жарысқа түсті.
Алғашқы күні Екібастұздық «НұрОтан» партиясы жергілікті филиалының мүшелері шахмат жарысында жеңіске жетті.
Ал, шаңғы тебу жарысына 4 ер адам, 4 әйел адам қатысты.
Нәтижесінде, Тереңкөл ауданының командасы шаңғышылар жарысында алда келді.
Теннис бойынша кубок Екібастұз қаласының, Баянауылдық теннисшілерге бұйырды. Павлодар ауданының теннисшілері қола медальді жеңіп алды.
Қорытынды бойынша, жалпы командалық есеп бойынша, I орынға Екібастұз қаласының командасы лайықты деп танылды.
II орын Павлодар қаласының спортшыларына, III орынды Тереңкөл ауданы мен Ақсу қаласының партия мүшелерінен құрылған командалар өзара бөлісті.
- Спорт жарысы алғаш рет өтті. Әріптестермен кездесіп, пікір алмастық. Партия жұмысының алға басуы үшін спорттық та серпіліс қажет, - дейді Ақтоғай аудандық филиалының басшысы Бейбіт Әлханов.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы