Алғашқы ойында жерлестеріміз Жапонияны 5:2 есебімен жеңді. Бұл ойында Аркадий Шестаков, Иван Степаненко, Кирилл Савицкий, Кирилл Панюков және Антон Некряч гол соқты. Келесі кездесуде Оңтүстік Кореяның осал тұсын оңай таптық. Есеп – 5:1. Бұл бәсекеде Антон Некряч, Артем Лихотников, Дмитрий Быков және Еміл Нұрғалиев мергендік танытты.
Өзінің соңғы кездесуін Қазақстан құрамасы Латвияға қарсы өткізеді. Бұл кездесуде командамыздың сапында мына ойыншылар өнер көрсетеді:
Сергей Кудрявцев-Валерий Севидов
Артем Лихотников-Аркадий Шестаков- Кирилл Савицкий, Еміл Нұрғалиев, Иван Степаненко
Никита Титов, Дмитрий Гурков, Дмитрий Гренц, Александр Пелевин, Егор Шалапов
Валерий Гурин, Андрей Яковлев, Антон Некряч, Мадияр Ыбырайбеков, Никита Клещенко
Никита Самойлов, Никита Титов, Дмитрий Быков, Кирилл Панюков, Дмитрий Быков, Андрей Волгин
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»