08 Ақпан, 2019

Шахтинск басшысы «шалғайдағы ұмыт қалған мекендердің» хаттарына жауап берді

448 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов халық алдында 3 сағаттық есеп берді. Осы уақыттың жартысынан көбі сұрақтарға жауап қайтаруға жұмсалды. Жергілікті тұрғындарды ТКШ, абаттандыру, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері толғандыруда.

Шахтинск басшысы «шалғайдағы ұмыт қалған мекендердің» хаттарына жауап берді

2018 жылы Шахтинск қаласында өнеркәсіп өндірісі айтарлықтай өсті, бұл көрсеткіш 18,3 млрд теңгеге жетіп отыр. Көмір өндіру 7% артты. Экономиканың дамуына жер қойнауын пайдалану саласында екі жаңа инвестжобаның іске қосылуы да ықпал етті.

Қала әкімі тұрғын үй мен әлеуметтік саланы дамыту жоспарлары туралы айтып берді. Оның айтуынша, биыл Шахтинскіде қалпына келтірілген үйлердегі пәтерлер дәрігерлерге бөлінеді. Бұл медициналық мамандардың тапшылығын азайтуға септігін тигізбек. 

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша қалада 100 орындық жаңа балабақша ашу жоспарлануда. 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы тапсырмаларын жүзеге асыру туралы есеп бере отырып, қала басшысы қаңтар айынан бастап тарифтердің 4% - ға төмендегені туралы хабарлады.

Баяндамадан сұрақ-жауапқа өтіп, Сержан Аймақов инфрақұрылымның жоқтығына шағымданған "Жоғарғы орталық-3" шағын ауданының тұрғындарының хатын оқыды.

- Мұнда сұрақтар ғана емес, екі парақта ұсыныс та келтірілген. Авторлар оны «шалғайдағы ұмыт қалған мекендерден хат» деп атаған екен. Мен Жоғарғы орталық – 3 ұмытылған және жойылған өлке деп айтпас едім. Дегенмен, супермаркет, мамандандырылған дүкендер, моншалар, дәріханалар жоқ деген өзекті мәселелер көтерілген, - деді қала әкімі. – Менің ойымша, біздің қалада шағын аудандар мен орамдарға бөлу – бұл шартты ұғым, тарихқа деген құрмет. Өз уақытында Шахтинск қаласы 100 мыңдық қала ретінде жоспарланды. Ал бүгінде мұнда 37 мың адам тұрады. Әр шағын ауданның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Ал негізінен біздің міндетіміз - барлығына қолайлы жағдай жасау. 

Ол биыл қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізілетінін айтты. Жаңа егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бұл бөлікке де қатысты болады. Жер учаскелерін кәсіпкерлер нысаналы мақсатына сәйкес, аукциондарда сатып ала алады. Қала әкімі шаһар құрылысы құжатына тұрғындар қажет ететін нысандарды кіргізуге уәде берді.  

Аулаларды абаттандыру бойынша көптеген сұрақ қойылды. Қала басшысы мұндай бағдарлама бар екенін айтты. Билік жергілікті бюджеттен түскен ақшаға барлық ауланы ретке келтіруді жоспарлап отыр.