Күллі елдің қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиғаға қатысты отырыс өткізген қызметкерлер осындай шешімге келген.
Сонымен бірге қаладағы жеке үйлердің барлығын тексеріп шығу туралы тапсырма берілді. Бұл арнайы тапсырма көпбалалы отбасыларға тікелей қатысты. Мемлекеттік қызметкерлер олардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын және қанша отбасыға төтенше көмек қажет екенін анықтауы керек. Қазір осы бағытта іс-шаралар атқарылуда.