Қазақстан • 08 Ақпан, 2019

Әзірет Сұлтан кесенесінің айналасын таяқпен түртуге де болмайды

297 реткөрсетілді

Түркістан қаласы әкімінің халық алдындағы есепті кездесуінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осылай деді.

– Кесене аумағы - 88 гектар. Ол жерді таяқпен түрту үшін ЮНЕСКО-дан рұқсат аламыз. Бұл тек қана сіздердің байлықтарыңыз емес. Олар бізге «бұл Түркістанның, облыстың, Қазақстанның ғана емес, бүкіл адамзаттың байлығы!» деп айтып отыр. Парижге делегация жіберіп жатырмыз. Біздің Мәдениет министрлігінің өкілдері сонау Франциядағы ЮНЕСКО-ның штабына келіссөздерге барады. Айналасын, Күлтөбені, хандар отырған ставканы қазып, орнына келтіру үшін барып рұқсат аламыз. Көрдіңіздер ме? Себебі дүниеде мұндай жерлер көп емес. Яғни, біз үлкен рухани қазба байлықтың үстінде отырмыз. Соны көрсетуіміз керек. Сондықтан да Түркістан жан-жақты дамуы тиіс. Бұған барлығымыз бірігіп атсалысуымыз қажет, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Түркістанды «Қазақстанның рухани орталығы ретінде қалыптастыру мақсатында Бас жоспарға сәйкес, қала құрылысы мен сәулетін үш бағытта жүргізу көзделген. Бірінші бағыты бойынша 88,7 гектар жерге орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңындағы «Тарихи аймақтағы» 18 нысанды қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Облыс әкімінің айтуынша, қазіргі таңда өңірдегі тарихи жерлерді терең зерттеу үшін тиісті жоспар жасалған. «Оның ішінде бірінші кезекте тұрған жердің бірі, осы сіздер тұрып жатқан Түркістан қаласы. Бұл шаруалар халықаралық ұйымдармен ұйымдаса атқарылатын болады. Себебі, Түркістан – Қазақстанның ғана емес, адамзат тарихында орны бар мекен», - деді облыс әкімі

Айта кетейік, қала әкімі Әліпбек Өсербаев өз есебінде былтыр Түркістанға 28 млрд. 313 мың инвестиция тартылғанын атап өтті. Оның 19 млрд теңгесі жеке инвестиция.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ахуал қандай?

Коронавирус • Бүгін, 10:57

Қызылорда: Тағы 3 адам тіркелді

Аймақтар • Бүгін, 09:57

ММА: UFC-ді сынға алды

Спорт • Бүгін, 09:20

Жұдырықтай жұмылайық

Руханият • Бүгін, 07:45

«Москваның» мәселесі көп

Аймақтар • Бүгін, 07:36

Зауалды бірлік жеңеді

Қоғам • Бүгін, 07:35

Жастар ауылдан кетпейді

Аймақтар • Бүгін, 07:34

Игіліктің бәрі халық үшін

Саясат • Бүгін, 07:25

Тұрғын үй бағасы қалай құбылады?

Экономика • Бүгін, 07:24

Ескінің жазығы – жаңаның қазығы

Руханият • Бүгін, 07:17

Гүлзада тіккен бетперде

Аймақтар • Бүгін, 07:12

Штаб құрылды

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Елін өрге сүйрейтіндер

Руханият • Бүгін, 07:06

Ұқсас жаңалықтар