Әлем • 09 Ақпан, 2019

Бағдад Әміреев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездестi

93 реткөрсетілді

2019 жылдың 8 ақпанында Қырғызстанға ресми сапармен барған Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әмiреевтi Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековті қабылдады. 

Бас хатшы Б.Әміреев Мемлекет басшысы С.Жээнбековке Түркі кеңесінің жақын арада атқарған жұмысы және 2018-2019 жылдар аралығында Қырғызстанның Түркi кеңесiндегi төрағалығы кезінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат бердi. Бас хатшы Қырғызстанның Түркі кеңесінiң мүше мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық үдерісіне қосқан үлесі мен белсенді қатысуын жоғары бағалап, Қырғыз Республикасының төрағалығы кезінде мемлекетаралық қатынастардың жоғары деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.

Бас хатшы Бірлескен инвестициялық қор және Түркітілдес мемлекеттердің сауда-өнеркәсіптік палатасы сияқты мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсат тұтқан экономикалық және қаржы құралдарын құру жөніндегі іс-қимылдарды айқындап, Түркi кеңесiнiң мүше мемлекеттер арасында экономикалық және сауда байланыстарын нығайтуға бағытталған белсендi шаралар туралы Мемлекет басшысына жан-жақты ақпарат бердi.

Бас хатшы Чолпон-Ата қаласында өткен саммитінде Түркi кеңесiнiң Мемлекет басшылары тарапынан Түркі интеграциялық ұйымдарының құрылымдық жетiлдiруi және осы ұйымдардың оңтайландыруы мен қайта құрылымдауына байланысты жоспар әзiрлеу бойынша қабылданған шешімдеріне сілтеме жасай отырып, осы мәселе бойынша Хатшылықтың атқарып жатқан жұмыстары туралы хабардар еттi.

Сондай-ақ, Б.Әміреев «Шағын және орта кәсіпкерліктiң» (ШОК) осы жылдың 3 қазан күні Әзербайжанда өтетін Түркi кеңесiнiң 7-ші саммитінің келесі тақырыбы ретінде таңдалғанын және ШОК-ты дамыту, экспорт және/немесе инвестицияларды ынталандыру мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал етенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Жээнбеков өзiнiң және өз елінің Түркі кеңесі Хатшылығының жұмысына көрсеткен толық қолдауын және қосқан үлесін атап өтті. Ол, әсiресе бизнес-форумдар өткізу арқылы, Түркі кеңесінің мүше мемлекеттерi арасында экономикалық және сауда ынтымақтастығын жақсартуға бағытталған іс-шараларды өткізу қажеттілігін айрықша атап өттi.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қырғызстанның Түркі кеңесіндегi төрағалығы кезінде елеулі іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырғанын және жаңа бастамалар мен жоба ұсыныстарына ашық екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Жээнбеков Түркі кеңесіне мүше емес елдермен қарым-қатынасты кеңейтуге, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға және Кеңестің әлемде танымалдығын арттыруға қолдау көрсетуге дайын екенін тағы да қайталап өттi.

Қырғызстан басшысы Бас хатшы Б.Әміреевтің Түркі кеңесінiң тиімділігін арттыру жөніндегі алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, оның мол дипломатиялық тәжірибесiнiң ұйым жүзеге асыратын жобаларының жемісті болуына көмектесетініне сенімін білдірді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар