12 Қаңтар, 2012

Құдаларым – қуанышым

350 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Құдаларым – қуанышым

Бейсенбі, 12 қаңтар 2012 7:30

Менің кіші қызым Светлана қа­зақ жігіті Мұратқа тұрмысқа шық­ты. Екеуі мектеп қабырға­сын­да жүрген­де, он төрт жасынан достасты. Дос­ты­ғының соңы сүйіс­пен­шілікке ұла­сып, екеуі отау тікті. Міне, он бір жыл­дан бері тату-тәтті тұрып жатыр. Бір қыз, екі ұлы бар. Екі жас үйле­не­міз дегенде біз, корейлер жағынан еш­қан­дай қарсылық болған жоқ. Қар­сы болмағаным, Мұрат – қы­зым­ның таңдауы. Үйге Светамен бірге келіп жүргенде оның тәрбиелі отбасынан екенін байқадым. Қазақ­тың жерінде отырып, қазақпен қалай құда болмайсың!

Бейсенбі, 12 қаңтар 2012 7:30

Менің кіші қызым Светлана қа­зақ жігіті Мұратқа тұрмысқа шық­ты. Екеуі мектеп қабырға­сын­да жүрген­де, он төрт жасынан достасты. Дос­ты­ғының соңы сүйіс­пен­шілікке ұла­сып, екеуі отау тікті. Міне, он бір жыл­дан бері тату-тәтті тұрып жатыр. Бір қыз, екі ұлы бар. Екі жас үйле­не­міз дегенде біз, корейлер жағынан еш­қан­дай қарсылық болған жоқ. Қар­сы болмағаным, Мұрат – қы­зым­ның таңдауы. Үйге Светамен бірге келіп жүргенде оның тәрбиелі отбасынан екенін байқадым. Қазақ­тың жерінде отырып, қазақпен қалай құда болмайсың! Екі жастың тойы болғанда мен құдаларыма қазақ­тың салтымен оюлап дорба тігіп, жол-жо­ралғы­ларым­мен бардым. Өзімнің ең жа­қын құр­бым да қазақтың қызы, екеуміз ақыл­дасып осылай шешкен едік. Құдам Әмірбек пен құдағиым Ғалия біздің үйге келген сайын қуаны­шы­мызда шек болмайды. Ғалия: «Аман­сыңдар ма, менің кә­ріс­терім!» деп саң­қыл­дап кіреді үйге. Мен дастарқанымды толтырып, барымды алдына тосамын. Қа­зақ­тардың құ­да­ны құдайындай сыйлайтынын мен біле­мін. Қызым­ды өздерінің қы­зын­дай аялап ұстап отыр­ған қазақтарымнан мен немді аяйын. Күйеу балам Мұ­рат та біздің алдымыздан көлденең өтпейді, құ­рақ ұшып сыйлайды. Құдам Әмірбек те сондай ақжарқын, аяулы адам. «Клара құдағи, мен шөп жеп кетейін деп келдім», дейді әзіл­деп. Біз корейлер дас­тар­қанға са­лат­тың түр-түрін қоя­мыз ғой, маған соны меңзегені ғой құдамның. Біз қа­зақ құда­лар­ға бар­ған­да табақ-табақ ет жей­міз. Ғалия құ­дағидың пісір­ген бауырсағы қан­дай дәмді десеңші. Дастарқан­ның көр­­кі де, қазақ­тар­дың көңілі де мол етіп пісіретін бауыр­сақтан көрінетіндей.

Мұрат пен Светаның үлкен қызы Алуа Қостанай қаласының ор­та­лығындағы С.Мәуленов атын­дағы қазақ гимназиясында үздік оқиды. Екінші ұлы Тимур да сол мектепте оқып жүр. Немере­лердің тәрбие­сін­де құдам мен құдағиым­ның ең­бегі зор. Немерелер – ортақ қуа­ны­шымыз, Егу­баев­тардың балалары тәрбиелі, үздік оқиды деп айтып жатса, біз де қуанып отырамыз. Біз қызым­ның отбасының ішкі тір­лігіне араласпаймыз. Өзі қалап қазақ­қа шықты екен, оның балалары да қазақ болуы, қазақша тәрбие­ленуі, халқының салтын, дәс­түрін, тілін, дінін білуі тиіс! Егубаевтар бізді өздерінің отбасы­лық қуа­ныш­­тары­нан ешқашан қалдырмайды, ылғи да төрінде отырамыз. Қазақ­тар мен корейлер әзілдесіп-қал­жың­­дасып, күл­­кі­ден езуіміз жиылмайды. Құда­лар­дың арасын­дағы шы­найы сый­ластықты балалардың ар­қа­­сында жеткен бақытым деп білемін.
Қазақ пен корейдің тілі, діні бөлек болғанмен де, ұқсас тұс­тары жоқ емес. Үлкенді құр­мет­теу, сыйлау – екі халықтың да ең жақсы қасиеті. Сыртқы түріміз де келің­кі­рейді ғой. Ал біздің аталарымыз қырқыншы жылдары азып-тозып келгенде, қа­зақ­­тар­дың арқасында аман қалды. Олар өздері жырғап отырмаса да, бір үзім нанын бөліп берді. Бұл ха­лықта адамгершілік, мейірім бәрі­нен ж­о­ғары тұрады. Оны өзім құда болған соң да анық көріп отырмын.
Қызым Светланаға ата-анаң­ды сыйла деп айтып отырамын. Құда­ғиым Ғалия да келінін жақ­сы ұс­тай­ды, екеуі сырлас құрбы сияқты. Осы­ның барлығы да Қазақ­стан­дағы ұлт­тар тату­лы­ғының, бейбіт өмірдің же­мі­сі. Құдайым бізді осы күннен айырмасын, немерелердің болашағы шуақ­ты болсын!
Клара КИМ. 
Қостанай.