«Атмосфера фронтының өтуіне байланысты республикамыздің бірнеше аймағында құбылмалы ауа райы күтілуде. Солтүстік-батыс, орталық және оңтүстік Қазақстанда салқындаса, кей облыстарда тұман, көктайғақ, боран болмақ» деді синоптиктер.
Астанада күн бұлтты. Ауа температурасы күндіз -11-13 градус, түнде -22-24. Оңтүстік-шығыстан ескен желдің жылдамдығы 9-14 м/с.
Алматыда күн көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Ауа температурасы үндіз 0+2, түнде 9-11 градус.
Шымкентте күндіз +9+11 градус жылы, түнде -2-4 градус салқын.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 20-25 м/с жетуі мүмкін. Күндіз -3+2, түнде -8-13 градус.
Түркістан облысының кей аймағында күн суиды, тұман күтілуде. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. Күндіз +7+12, түнде 0-5 градус.
Ақмола, Қарағанды облыстарында қар, боран, жел күтілуде. Ауа температурасы күндіз -10-15 градус, түнде Ақмола облысында -18-23, Қарағанды облысында -20-25.
Маңғыстау облысында күн жылы. Күндіз -2+3 градус жылы, түнде 0-5 градус.
Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы күндіз -10-15, түнде -13-18.
Ақтөбе облысында қар жауады. Температура күндіз -10-15 болса, түнде -12-17 градус.
Атырау облысында күн жылы. Ауа температурасы -1-6, түнде -5-10 градус.
Павлодар облысында қар жауады. Күндіз -16-21, түнде -30-35 градус салқын болады деп күтіледі.
Синоптиктердің айтуынша, алдағы үш күнде оңтүстіктегі таулы аймақтарда, оңтүстік-шығыс аймағында қардың еруі күтіледі. Қардың еруінен өзен суы деңгейінің жоғарылауы мүмкін. Еліміздің басқа су объектерінде гидрологиялық өзгерістер байқалмаған.