Күрес • 10 Ақпан, 2019

Grand Slam турнирі: Галбадрах Отгонцецег қола медаль иеленді

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парижде дзюдодан Grand Slam турнирінің финалдық бәсекелері өтіп жатыр. Қазақстан қоржынына алғашқы медальді Галбадрах Отгонцецег салды деп жазады Olympic.kz. 

Grand Slam турнирі: Галбадрах Отгонцецег қола медаль иеленді

48 келіде белдескен Галбадрах алғашқы айналымда түркиялық Бедер Тукчені «ваззари» әдісімен жеңді. 

Екінші айналымда жапониялық Хироми Эндені жеңген біздің спортшы франциялық Мелани Клементтен ескерту санының көптігіне байланысты ұтылып қалды. 

Галбадрах Отгонцецег жұбаныш белдесуінде Оңтүстік Корея спортшысын, қола медаль үшін өткен кездесуде Моңғолия балуанын жеңіп, жылдың алғашқы ресми жарысында үздіктер қатарына енді.