20 Қаңтар, 2012

Қабылдау күтіп қиналмайсыз

333 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қабылдау күтіп қиналмайсыз

Жұма, 20 қаңтар 2012 7:53

Астанадағы №8 қалалық емха­наға келген науқас адамдар дәрігерге кіру үшін күн ұзақ кезек күтіп текке отырмайды. Себебі, мұнда емделушілер үшін барлық жағдай жасалған. Емдеу орнына кірген адам бірден тіркеу орнының анық­тама қызметіне барады. Ондағы кезек­ші­лер нақты ақпарат береді. Яғни, келу мақ­сатыңызға орай, дер­тіңіз­ге сай сізге ем­дік, диагнос­тика­лық қыз­мет­терге жол сіл­тейді. Әрине, үйге дәрігер шақыр­тамын немесе қабыл­дауға алдын ала жазыламын десеңіз, оны телефон арқылы-ақ атқара беруге болады. Және қай кабинет қай жерде деп іздеп жүрмей-ақ төменгі қабат­қа ілінген маман­дар­дың жұ­мыс кестесі мен каби­нет­тердің орналасу тәртібінің схемасынан із­де­ген жоғыңызды лезде тауып алуға болады.

Тағы бір айта кететін жәйт, егде жас­тағы емделушілер үшін жеке терезе бар, яғни өз өтініші бойынша оларды тіркеуші тікелей дәрігердің қабылдауына апарады. Жоғары дене қызуымен, жоғары қан қысымымен немесе басқа да шұғыл жағ­дайлармен келгендерді де меди­ци­на­лық тіркеуші жедел түрде арнайы каби­неттегі дәрігердің қабылдауына жеткізеді.
Бұрынғы дағды бойынша тұрғындар емха­наға дәрігер қабылдауына жазылуға екі рет келетін болса, қазіргі тәртіп бойынша тіркеу орнындағы телефон же­лісі үзіліссіз байланыс­пен қамтамасыз етілген. Нақты­лап айтқанда, тір­кеу орны көп каналды телефон байланысымен жабдықталған. Қазір­гі уа­қыт­та ересектер мен балалар корпусында 17 телефон нөмірі жұмыс істейді.
Бұл емхана бірыңғай ақпараттық жүйе­дегі (БАДЖ) құжаттарды қағазсыз жүргі­зуге көшу бойынша қанатқақты жобаға қатысуда. 2011 жылдың тамыз айынан бері емхана дәрігер қабылдауына жазу журналын толтыруды тоқтатты. Өйткені, алдын ала жазу МСЖ-де жүргізіледі, бұл жерде қабылдауға телефон арқылы немесе келіп жазылуға болады. Ең бастысы, емделушіге қозғалыс парағы беріледі, онда күні, уақыты, кабинет нөмірі көрсетіледі.
Дәрігерлерге алдын ала жазылудың тағы бір тәсілі – веб-сайтқа кіру. Веб-сайт арқылы қабылдауға жазылу егер емде­лушіде ЭСК (электронды сандық код) болса (және МСЖ интеграциясы кезінде (e.gov) жетіп жатыр.
Амбулаторлық карталарды таңбалау жүйесі де тіркеушілер жұмысын жеңіл­дете түскенін айтсақ, әрбір терапиялық учаскелердің өзіндік түспен таңбалануы амбулаторлық карталарды дәрігерге дейінгі кабинетке, қарау каби­нетіне және дәрігерлік кабинетке жеткізуде уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ал енді емхана ұжымының биылғы жыл­ғы алға қойып отырған мақсатының бірі – емдеу орнының бірінші қабатына «электрон­ды кезек» орнату, емделу­шілерді жоспарлы тәртіппен қабылдау мүмкіндігін тудыру болып отыр.
«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар