Қазақстан командасының үздігі Алексей Полторанин 6-шы орыннан көрінді. Бұл сында австриялы Макс Хауке жеңіске жетсе, екінші орынды польшалық Доминик Буре иеленді.
Үздіктер қатарын тағы бір австриялық Бернард Тритщер толтырған.
Айта кетелік, Полторанин Планицада 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан жеңімпаз атанған еді. Біздің спортшы 20 ақпан күні Австрияда басталатын әлем чемпионатына дайындық үстінде.
Альпі Кубогі FIS ұйымдастыратын жарыстар қатарына енеді.