Күрес • 11 Ақпан, 2019

Қазақстан таеквондошылары Президент кубогінен 4 медаль еншіледі

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Анталия қаласында таеквондодан 4-ші Президент кубогі аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан таеквондошылары Президент кубогінен 4 медаль еншіледі

Кубоктік додаға Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қатысып, төрт медаль жеңіп алды. 

Атап айтар болсақ, 51 келідегі Азамат Рахымбаевқа өз салмағында тең келер ешкім болмады. Ол Анталия төріндегі ірі халықаралық сынның жеңімпазы атанды. 

Осы салмақтағы тағы бір жүлде де біздің спортшылардың еншісінде. Елжан Елшібай ақтық сында өз командаласына есе жіберіп, күміс медаль тағынды.  

Қыздар арасында Нұрай Құсайынова (63 келі) мен Елизавета Елефтириади (46) қола медаль иегері атанды. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше