Қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуы, насихатталуы – тәуелсіз ел атануының арқасы. Өндірістік, экономикалық қарым-қатынаста, ақпарат алмасуда ғана емес, әлемдік деңгейде елдің төл дәстүрін дәріптеуде, ұлттық бояуын танытуда егемендік ұғымының рөлі зор. Қазақ мемлекетінің еркіндігі мен бостандығы рухани, көркем мұралардың қайта жаңғырып, кеңінен танылуына негіз болуда.

Өткен ғасырдың орта шенінде жетілген аға буынға Күлтегін, Тоныкөк немесе Тұмар, Бейбарыс есімдері жете таныс болмаса, тәуелсіздік жылдары жаңа генерациялық буын қалыптасып, басқару жүйесінде кеңестік тоталитарлық жүйе болғанын тарихтан оқып біле алатын, тың және тыңайған жерлерді игеру үдерісін тарихтағы бір құбылыс ретінде ғана санайтын жаңа ұрпақ пайда болды. Еркіндіктің арқасында жеке ел ретінде таныла бастадық. Бұл – қазақ үшін елеулі сәт. Бұл ғасырмен, мыңжылдықтармен санасатын тарих көшінде екінші мүшелінің бел ортасына келген Қазақ елі үшін жігер мен қайрат, күш пен мақсат, сенім мен ізденіс, еңбек пен қажырлылықты қажет ететін уақыт.
Жаңа генерацияның қалыптасуы – ұрпақ заңдылығы. Сонымен қатар бұл біріншіден, елдің төл тілінің дамуына, салт-дәстүрінің жалғасуына, мәдениетінің өркендеуіне, экономикасының жоғарылауына ықпал ететін жаңа буын. Еркіндігі жоғары, ой-санасы тәуелсіз бүгінгі генерация тоқсаныншы жылдардағы жастармен салыстырғанда әлемдік мәдениеттегі ақпараттарды меңгеру, технологияны игеру, шетелдердің территориялық аумағында болуы және өзге тілдерді меңгеру жағынан алға шықты.
Елбасымыздың арнайы қолдауымен жүзеге асырылған «Болашақ» бағдарламасы Қазақстан мен өзге елдер арасында білім мен ақпараттың еркін алмасуына ықпал етіп қана қоймай, зияткер, кәсіби ойлы жастар буынын қалыптастыруға даңғыл жол ашты. Тәуелсіздік жастарға еркіндік берді. Рухты сезіндірді. Күлтегін жырында мынандай жолдар бар: «Алтун, күмүш, ісігті, қутай буңсыз анча бірүр табғач будун сабы сүчіг, ағысы йымшақ ерміс» – «Алтынды, күмісті, дақылды, жібекті соншама шексіз беріп жатқан табғаш халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді. Ақылды кісілерді, батыл кісілерді табғаштар қозғай алған жоқ. (Егер) бір кісі алданса, (онда) руы, халқы тұқымына дейін қалмас еді. Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп алданып, Түркі халқы, қырылдың, Түркі халқы, жойылдың», дейді ғой аталған жырда. Мұндағы табғаш халқы қай ел екендігі бәрімізге белгілі. Жылы сөзімен, бұйымдарымен жарты жаһанды жаулаған, көк түріктер елін «батыс», «шығыс» деп екіге ажыратып, елу жылдай боданына айналдырған табғаш халқынан тізе қосып, өз еркін алып шығуға басты негіз болған тектен берілген тәрбиесі мен салт-әдетке беріктілік және ата ғұрыптық ұстаным еді. Тәрбиеміз тегімізден ажырамасын, қазақылығымыз қалпынан таймасын.
Тұғыр мықты болмаса, тұрақтылық болмайды. Ал халықтың басты тұғыры – тәуелсіздік. Тәуелсіздік тұғырының берік болуы жастардың қолында. Жастардың қажыр-қайраты қайтусыз, интеллекті жоғары, ой-пайымы биік, заман талабына сай, қазақылығы сақталған болса, елдің ертеңі жарқын болмақ.
Арай ЖҮНДІБАЕВА,
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі,
философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор
СЕМЕЙ
Әскери теңіз күштерінде тәрбиеші офицерлердің мерекесіне орай салтанатты жиын өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:50
Ақпарат министрі Алматыда «ҚР Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылады
Қоғам • Бүгін, 12:35
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Бүгін, 12:32
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Мәжіліс автокөліктерді жымқыруға қарсы күрес туралы халықаралық келісімді қарастырады
Парламент • Бүгін, 12:11
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі конкурс жариялады
Қазақстан • Бүгін, 12:07
Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады
Әлем • Бүгін, 12:06
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабағын онлайн оқиды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Елордалықтар «Saqtandyry» жүйесін жаңартып отыруы тиіс
Медицина • Бүгін, 11:58
Қазақ қызы АҚШ мемлекеттік департаментінде басшылық қызметке тағайындалды
Әлем • Бүгін, 11:50
Маңғыстау облысында арқар атқан азамат ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Әділет органдарында жемқорлық 67 пайызға азайған
Қоғам • Бүгін, 11:25
Шымкентте еркіндікте жүрген арыстан табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Қазақстанда алдағы үш күнде аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 11:04
Семейде бозбалалар зейнеткерді өрттен құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 10:55
Жол апаты: Балқашта 2 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:55
Вакцина өндірушісіндегі өрт бес адамның өмірін қиды
Әлем • Бүгін, 10:53
Желіде Балқаштағы өлі балықтардың видеосы тарады
Экология • Бүгін, 10:51
Қазақстанда қанша адвокат бары айтылды
Қазақстан • Бүгін, 10:44
Өткен жылы алименттен жалтарғандардан 76 пәтер мен 62 көлік өндірілген
Қазақстан • Бүгін, 10:36
Алматының телемедицина орталығы КВИ жұқтырғандарға тәулік бойы көмек көрсетеді
Аймақтар • Бүгін, 10:32
Өткен жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты
Қазақстан • Бүгін, 10:30
Энергетика министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:28
Атқарушылық сот құжаттары біріздендірілді
Қоғам • Бүгін, 10:25
Белгісіз адамдар Димаш Құдайбергеннің атын жамылып, жалған ақпарат таратуда
Қоғам • Бүгін, 10:24
Зергерлік бұйымдар нарығының жұмысына маңызды қадам жасалды
Әлем • Бүгін, 10:23
Карантин талаптарын бұзудың 27 мыңнан астам фактісі анықталды
Қазақстан • Бүгін, 10:19
Қазақстанда сарбаздарды SMS-хабарлама арқылы әскерге шақыратын болды
Қазақстан • Бүгін, 10:07
Алматыда онкологиялық ісігі бар 81 жастағы науқастың өмірі құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:05
ҮЕҰ арналған гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды
Қоғам • Бүгін, 10:04
«Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» атты адалдық сағаты өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:00
Зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім беретін онлайн-платформа іске қосылады
Қазақстан • Бүгін, 09:50
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 09:47
Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 09:45
Коронавирус жұқтырған 25 мыңнан аса адам ем қабылдап жатыр
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Бүгін елордада бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды
Білім • Бүгін, 09:35
Ералы Тоғжанов Қордай ауданындағы жұмыс барысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 09:28
Елімізде тағы 1076 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:24
Спорт • Бүгін, 09:19
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:15
Қазақстанда өткен тәулікте 1430 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 08:46
Әкімдіктерде бетбұрыс бар (Ол – министрліктерге өнеге)
Оқиға • Бүгін, 08:43
Қоғам • Бүгін, 08:42
Бәрін бүлдіретін – «бейресми жол»
Саясат • Бүгін, 08:40
Аймақтар • Бүгін, 08:38
Вакциналау пандемияны ауыздықтай ала ма?
Коронавирус • Бүгін, 08:37
Өнер • Бүгін, 08:23
Ташкентте жарық көрген «Терме»
Руханият • Бүгін, 08:22
Қоғам • Бүгін, 08:17
Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
Саясат • Бүгін, 08:10
Экономика • Бүгін, 08:07
«Достлуг» Каспийдегі достықты нығайтады
Саясат • Бүгін, 08:05
Нарық үшін нағыз бәсеке енді басталады
Экономика • Бүгін, 08:05
Байден билігі: «Үмітке толы күн»
Әлем • Бүгін, 08:03
Қазақ журналистикасының қара нары
Қоғам • Бүгін, 08:00
Ұлт қасіретін арқау еткен туынды
Кино • Бүгін, 07:57
Саясат • Бүгін, 07:54
Ахуалың қалай, ауылдағы ағайын?
Ауыл • Бүгін, 07:52
ЕО-ЕАЭО: Еуроодақпен ынтымақтастықты дамытудан ұтарымыз көп
Саясат • Бүгін, 07:50
Әлем • Бүгін, 07:46
Пікір • Бүгін, 07:45
Ойыл өзенінің орнын сипап қалмайық
Қоғам • Бүгін, 07:41
Вирусқа қарсы стратегия жаңартылды
Әлем • Бүгін, 07:40
Қоғам • Бүгін, 07:37
Қауіпті індет «құтыра» бастады
Қоғам • Бүгін, 07:35
Оқиға • Бүгін, 07:34
Таным • Бүгін, 07:33
Наурыз Қылышбаев: Қазақ әлемге қаласымен емес, киелі даласымен танылған
Сұхбат • Бүгін, 07:31
Жүргізушілер қуанатын күн жақын (Сенат маңызды заң жобаларын қабылдады)
Парламент • Бүгін, 07:31
Ұқсас жаңалықтар