Тіркелген өрт оқиғалары кезінде жаңаөзендік бір адам әртүрлі дәрежелі жарақат алған. Улы газден уланып Ақшұқыр ауылының бір тұрғыны қайтыс болса, уланудан жарақат алғандар саны 5 адамға жетіп отыр. Олардың екеуі бейнеулік, бір жағдайға себеп болған қолдан жасалған пеш, ал екіншісіне себеп мұржаның бітеліп қалуы болып отыр. Ал, Жаңаөзен қаласында тіркелген үш жағдайға котелдың ақауы себеп болған.
Өрт оқиғаларының көп бөлігі жеке тұрғын үйлерде және автокөліктерде тіркелген, тілсіз жаудан келген материалдық шығын -1,8 млн теңгені құраған.
Жалпы өрттің шығуына көп санды электр жабдықтарын пайдалануда монтаждық және техникалық ережелердің бұзылуы себеп болады екен, осындай 6 оқиға тіркелді.
Автокөліктердегі өрттердің шығуының негізгі себептері электр сымдарының тұйықталуынан болады, мұндай үш оқиға тіркелсе, бір автокөлік әдейі өртелген.
-Облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелерін оқытуға әрқашан көңіл бөлініп отыр. Үнемі өрт қауіпсіздік сенбіліктері өткізіледі, онда тұрғын үй иелеріне өрт қауіпсіздік жаднамалар, буклеттер және нұсқаулар беріледі және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
-Жылдың басынан жергілікті полиция қызметімен бірігіп қалаларда және аудандардағы бөлімшелермен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі бойынша 5 рейд өткізілді. Рейд кезінде жүргізушілерге автокөліктегі өрттерді болдырмау бойынша 100-ден астам жадынамалар таратылды. Бекітілген жоспар бойынша 52 мектепті, 1436 адамды қамтыған 1 «он-лайн» режимінде интерактивті сабақ өткізілді, дейді А.Алексеев.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Маңғыстау облысы