Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысында өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және азық-түлік саласындағы импортты алмастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.

Атап айтқанда, Ақтөбе қаласында «Грин Капитал» ЖШС өнеркәсіптік үлгідегі тағы бір жылыжай кешені іске қосылды, онда қызанақтың алғашқы түсімі күтіліп отыр. 2021 жылға дейін жылыжай кешенінің жалпы ауданы 20 гектардан асатын болады. Жоба бойынша жеке инвестициялардың көлемі 20 млрд. теңгеден асады, бүгінгі таңда 7,2 млрд теңге қаражат салынды. 9 ақпан, сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласын жұмыс сапарымен аралау барысында кешеннің қызметімен танысты.
Жылыжай басшысы Анастасия Попова: «Бұл соңғы климаттық жағдайлар мен конструктивті шешімдерді қолдана отырып жасалған соңғы үлгідегі жылыжай. Алғашқы 5 гектарда тек қызанақ отырғызылды. Біз жылына шамамен 1,5 мың тонна жинауды жоспарлап отырмыз. Жылыжай қызанақтарының ерекшелігі жоқ, бірақ біз өсірген негізгі сорттың дәмі жоғары деп мақтанышпен айтуға болады. Біз табиғи өсімдіктің табиғи моделін ғана қолданамыз - табиғи тозаңдану және энтомофагтар, яғни бәрі табиғаттағыдай жасалады», - деді облыс әкіміне.
Жылыжай кешені кеңейтуден кейін ақтөбеліктерді тек қызанақпен ғана емес, көкөніс, баялды және тәтті бұрышпен қамтамасыз етеді. Болашақта көкөністерді ішкі нарыққа жеткізуде басымдық артып, артығы экспортқа жіберіледі.
Өңір басшысы өнім түрлерін кеңейтудің жоспарларын мақұлдады.
«Бұл өте дұрыс, өйткені Ақтөбеде қажеттілік тек қызанаққа ғана емес», - деді кешен ұжымының еңбегіне сәттілік тілеген облыс әкімі.
Бұдан соң облыс әкімі «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан аз қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Атап өтейік, осы мемлекеттік бағдарламаның аясында былтыр облыста 908 мың шаршы метрден астам тұрғын үй немесе 7875 жаңа пәтер пайдалануға берілді, ал биылғы жылы аймақ билігі кем дегенде 1 млн. шаршы метр тұрғын үйді тапсыру міндетін алға қойды.
Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев Қарғалы тұрғын үй ауданындағы Сәтпаев көшесінің бойындағы көпірдің жағдайын көрді. Бұған әлеуметтік желі қолданушыларының 2018 жылы салынған жол өткелінің ағымдағы жай-күйіне қатысты жазған шағымдары себеп болды. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ыбырай Көзбаев құрылысшылардың кішігірім кемшіліктерге жол бергенін растап, оны мердігер ауа-райы жылыған соң өз есебінен толығымен дұрыстайтынын айтты. Облыс басшысы жұмыс сапасын қатаң қадағалауды тапсырды.
Сонымен қатар, облыс әкімі 41-ші разъезд аумағына барып, бетон өнімдерін шығаратын зауыттың құрылыс барысымен танысты. Жобаның құны шамамен 1,5 млрд. теңгеге жетеді. Салынып отырған инвестиция - жекенікі. Жоба кесте бойынша жүзеге асырылуда. Өндіріс ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосылмақ.120 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады.
Облыс әкімі Батыс-3 ықшамауданындағы «Қызғалдақ» тұрғын үй кешенінің құрылысымен де танысты. 3,2 млрд. теңгені құрайтын жобаның тапсырыс берушісі - «Ақтөбе» ӘКК. Тұрғын үй кешені жалпы ауданы 24 мың шаршы метрді құрайтын 305 пәтерге арналған екі үйден тұрады. Қазіргі уақытта бірінші үйдің құрылысы жүріп жатыр, екіншісінің құрылысы наурыз айында басталады. Үйдің құрылысын жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланған.
Темір ҚҰСАЙЫН,
"Егемен Қазақстан"
Ақтөбе облысы
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:12
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Кеше
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Кеше
Парламент • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзекті мәселелердің шешімі табылатын болады
Парламент • Кеше
Алматы мәслихаты шешуге тиісті ең өзекті мәселе қандай?
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
Мәжілістің 2 комитетін парламенттік оппозиция өкілі басқармақ
Парламент • Кеше
Мәжіліс спикерінің орынбасарлары сайланды
Парламент • Кеше
2020 жылы Алматыда 8 елдің азаматтары емделді
Медицина • Кеше
Ангела Меркель орнын босата ма?
Әлем • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар