Үкімет • 11 Ақпан, 2019

Ә.Смайлов 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен 2019 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады

43 реткөрсетілді

ҚР Үкіметінің алаңындағы баспасөз-конференцияға ҚР Қаржы министрі Ә. Смайылов 2018 жылы  Қаржы министрлігінің атқарған жұмысы және 2019 жылға арналған жоспарлары туралы мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, министрлік қызметінің басымдықтары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Ел дамуының стратегиясын және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудан туындаған.

«Бірінші, есепті қаржы жылында бюджеттің барлық деңгейлері бойынша жоспарланған кіріс мөлшері артығымен орындалды.

Шоғырландырылған бюджет – 102,6 пайыз, Ұлттық қор – 102,3 пайыз, Республикалық бюджет – 102,3 пайыз және жергілікті бюджеттер – 102,8 пайыз.

Мемлекеттік бюджет кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 8 208 млрд теңгені немесе жоспардың 102,4 пайызын құрады.

Республикалық бюджет 5 849 млрд теңгемен толықты, бұл жоспардан 130 млрд теңгеге және 2017 жылмен салыстырғанда 836,3 млрд теңгеге артық» деді министр.

Сондай-ақ, жоспардың артығымен орындалуы негізінен:

  • 214 млрд теңге мұнайға экспорттық кеден бажы (ЭКБ) есебінен;
  • металдың орташа бағасының 6,5 пайызға ұлғаюына байланысты, 46 млрд теңге көлеміндегі пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (ПҚӨС) есебінен болған.

2017 жылмен салыстырғанда корпоративтік табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша түсімдер өсімі тиісінше 148,8 млрд теңгені және 370 млрд теңгені құраған.

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттердің кірістері 2,4 трлн теңгені құрады, бұл 2018 жылға жоспарланған межеден 64 млрд теңгеге көп. 2017 жылмен салыстырғанда жергілікті бюджеттердің кірісі 218 млрд теңгеге ұлғайды. Түсімдердің өсімі елдегі орташа айлық жалақының өсуіне байланысты жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық есебінен қамтамасыз етілген.

«Жоспарлы түсімдердің артығымен орындалуына мүмкіндік берген басты құралдардың бірі- салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру.

Біздің есептеулеріміз бойынша бұл шаралардың әсерінен 410 млрд теңгеден астам түсім түсті.

Тек цифрландыру есебінен қосымша 100 млрд теңгеден астам қаражат алынды.

Тексерулердің сапасын арттыру арқылы, қоса есептелген сомаларды өндіріп алудың өсімін 35 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде тексеру есебінен бюджетке қосымша 45 млрд теңге түсті.

Дегенмен, біз бизнеске қысымды біртіндеп төмендетеміз. Мысалы, 2016 жылы 77 мың тексеру өтсе, 2017 жылы бұл – 42 мыңға, 2018 жылы – 38 мыңға азайды.

Яғни, тексеру шаралары 2 есеге төмендегенін байқауға болады» деді Ә.Смайлов.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Аймақтар • Бүгін, 18:03

Ұқсас жаңалықтар