12 Ақпан, 2019

Астанада жыл сайынғы Универсиада өтеді

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Универсиада «Жастар жылы» аясында өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Астанада жыл сайынғы Универсиада өтеді

Ертең Назарбаев Университетінде Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен жыл сайынғы Универсиада өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Универсиада «Жастар жылы» аясында Астана қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтеді.

«Қалалық Универсиада жарыстарының қатысушылары  спорттың 18 түрінен сынға түседі. Олар; волейбол (ерлер), тоғызқұмалақ, шахмат, шаңғы жарысы, қысқы Президенттік көпсайыс, асық ату, волейбол (Қыздар), шорт-трек, шағын футбол (Қыздар), гір тасын көтеру, қазақ күресі, қол күресі, шағын-футбол (Ұлдар), жазғы Президенттік көпсайыс, жеңіл жүгіріс эстафетасы, стритбол (Ұлдар), стритбол (Қыздар) және үстел теннисі», деп хабарладымәдениет және спорт басқармасы.

Алдағы жарысқа Астана қаласының жоғары оқу орындарының спорттық дайындығы бар және медициналық тексерістен өткен, дене тәрбиесі құрама командаларының ұжымдары (студенттер және магистранттар) жіберіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталады. Командалық спорт түрінде (стритбол, волейбол, шағын футбол қыздар және ұлдар) Ойыншылар: «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» 3 (үш) номинациясы бойынша құнды сыйлықтармен марапатталады.