Оның айтуынша, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда олар 112,2%-ке өскен.
«Республикалық бюджет шығыстары 951 млрд теңгеге атқарылды. Оның 95%-і ағымдағы шығыстарға келеді.
Бюджет қаражаты 47 млрд теңгеге атқарылмады. Оның 10 млрд теңгесі үнемдеу болады. Ал, игерілмеу сомасы 37 млрд теңгені құрады.
Негізгі себептер: конкурстық рәсімдерді ұзақ және уақтылы өткізбеу, орындалатын жұмыстардың бекітілген кестеден қалуы, қазынашылық органдарына тіркеуге шарттар мен қосымша келісімдерді кеш ұсыну» деді министр.
Мемлекеттік сатып алу процедураларының оңай қолданылуы бюджет қаражатын игеруде негізгі факторы.
Сондықтан мемлекеттік сатып алу заңнамасының процедуралары толығымен электрондық форматқа ауысып, жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге жағдай жасалған.
«Бірақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан әліде болса конкурстарды өткізу, қосымша шарттарды қабылдау жұмыстарын созбалау байқалуда» деді Ә.Смайылов.