21 Ақпан, 2012

Сапта – жаңа техника

504 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Сапта – жаңа техника

Сейсенбі, 21 ақпан 2012 8:07

Астаналық әскери бө­­лім жаңа жауынгерлік БТР-82 және БРМ «Кобра» қару-жарағына ие болды, деп ха­барлады Қорғаныс ми­­­нис­тр­лігінің баспасөз қызметі.

Бүгін бес қаруын асынған десантшылар жауынгерлік машиналармен «Спасск» оқу ор­та­лығы бағытына жорыққа шық­ты. Мұн­да олар дала төсіндегі жаттығуларда жау­ын­гер­лік атыстарды жүзеге асырып, тәжі­ри­белерін толықтыратын болады. Оқу орт­а­лығының по­­лигонында жаңадан келген техникалар да қатыстырылады.

Сейсенбі, 21 ақпан 2012 8:07

Астаналық әскери бө­­лім жаңа жауынгерлік БТР-82 және БРМ «Кобра» қару-жарағына ие болды, деп ха­барлады Қорғаныс ми­­­нис­тр­лігінің баспасөз қызметі.

Бүгін бес қаруын асынған десантшылар жауынгерлік машиналармен «Спасск» оқу ор­та­лығы бағытына жорыққа шық­ты. Мұн­да олар дала төсіндегі жаттығуларда жау­ын­гер­лік атыстарды жүзеге асырып, тәжі­ри­белерін толықтыратын болады. Оқу орт­а­лығының по­­лигонында жаңадан келген техникалар да қатыстырылады. Сонымен қатар жол-жө­не­кей жеке құрам тәжі­ри­бе жүзінде шабуылға тойтарыс беру, тосқауылдардан өту және шарт­ты түрдегі қарсы­лас­тар­дың көзін жою сияқты жат­ты­ғуларды пысық­тай­ды. Оқу ор­талығына келісімен десантшы-жауынгерлер жеке қарудан және Т-72, БТР-80А, БТР-82, БРМ «Кобрадан» ату жатты­ғу­ларын орындайды. Биылғы жылы Қазақстан армия­сын­дағы іс-шаралардың барлығы Қа­зақстан Рес­публикасы Қарулы Күш­те­рі­нің 20 жыл­ды­ғын мерекелеуге байланысты өткізіледі.

Жауынгерлік әзірлікке байланысты жыл­дың қай мезгілінде де алға қойылған бар­лық тапсырмалар әскерлердің білікті­лі­гін же­тіл­ді­ру­ге арналған басты шара болып саналады.

Қарулы Күштердің жау­ын­гер­лік әзірлі­гін арттыру мақса­тын­да әскерлер жаңа қа­ру-жа­рақпен, әскери техникамен және басқа да құрал жабдықтармен жаб­дықталуда. Бас­ты назар қол­да бар техниканы жетілдіруге, қалпына келтіруге және заманауи қару-жарақ алуға аударылған.

Отандық тауар өндіру және отандық өнер­кәсіп кешенін дамытуда айтарлықтай жұ­мыс­тар жүргізіліп жатқандығын атап өт­кен жөн. Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қол­басшының тапсырмасы бойынша 2020 жыл­ға дейін отандық кәсіп­орын­дар­да әс­кер­ге ар­налған өнімдерді 80 пайызға арттыру белгі­ленген. Бүгінде ол 50 пайызға жетіп отыр.

Бұған мысал ретінде Қазақ­стан кәсіп­ор­ын­дарында шыға­ры­лып жатқан 125 мм-лік снарядтарды, имитациялық құрал­дар­ды, тір­ке­мелер мен қашық­тық өлшегіштерді, «Кам­АЗ» ав­токөлігі базасында жасалған штаб машиналарын, жауын­гер­лік машина экипаждарын әзір­лік­тен өткізетін тренажер­лер­ді атау­ға болады. Сонымен бірге, отандық кә­сіпорындар бронды техника мен авто­кө­ліктерді, авиа­циялық техникалардың жекелеген түрлерін толық көлемде жетілдіруді және барлық жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамт­ама­сыз етеді. Нәтижесінде, Қазақ­стан ай­мағында әскери мақ­сат­тағы өнім шыға­ру­дың ауқымы артты, бірқатар бірлескен кә­сіп­­орындар ашылды, олардың өнім­дері қа­зір­дің өзінде армияны жабдықтауға жіберілуде.

– Бүгін Қазақстан Аэро­ұ­т­қыр әскерлері­нің жауынгерлік машина паркін БТР-82 мен БРМ «Кобра» толықтырды, – деп атап өтті 68665 әскери бөлімнің ко­ман­дирі, генерал-майор Алмас Жұмакеев. – Қазақстан армиясы ТМД елдері арасында алғаш жаңа техникамен жабдықталды.

БТР-82 – терең жетілдірілген БТР-80 бронды транспортері. Кешенді жұмыс­тар­дың атқары­луы барысында машинаның өмір­­шең­­­дігі 20 пайызға арттырылды, экипаж мүше­ле­рі мен агрегаттарды және жүйелерді қор­ғау күшейтілді. Жарық­шақ­тардан қорғай­тын, жылу мен шуды сақтайтын қон­дыр­ғы­ның қойылуы экипаждың жұмыс істеуіне ыңғайлылық туғызды. Атыс қуаты мен жү­ру деңгейінің арттырылуы жолсыз жермен жү­­руі кезінде жылдамдығын арт­тыруға мүм­кіндік берді.

«Кобра» барлау машинасына броне­трас­портердің құрамдас бө­ліктері пайдаланылды. Маши­на­ның корпусы БТР-ға қара­ған­да шағын әрі ыңғайлы, әскери техника экипаж мүшелері мен іштегі жабдықтарды қорғау­ды қамтамасыз етеді. Машинаны қосымша бронмен қаптау мүм­кін­шіліктері қарасты­ры­луда. Ма­шина еш қиындықсыз терең­дігі 1,1 метр сулы бөгеттен өте алады, суда жү­зеді әрі жылдам жүреді.

Десантшы-жауынгерлер «Спасск» оқу орталығында бір ай бойы шыңдалып тәжі­рибе жи­нақ­тайды. Қазақстан армия­сы­ның әскери қызметшілері қыс­­тың қы­­­тымыр аязына ырық бер­­­мейді, ауа райы олардың қан­дай киім кию керектігін ғана анық­тай­ды.

Жаттығу аяқталды, мақсат орындалды

Қарулы Күштердің 20 жылдығы қарсаңындағы қысқы оқу кезеңіне арналған іс-шаралар жоспары қарқынды іске асырылуда. Республиканың оңтүстігінде Құрлық әскерлерінің брига­да­лық-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Оған «Оң­түс­тік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері тартылды. Жамбыл облысының Гвардейский гарнизоны маңында мото­ат­қыш­тар, танк және артиллериялық бөлімшелер аралас әдіспен: те­мір жол бойымен эшелондармен және автокөлікпен жетті.
Бұл жаттығулардың бір ерек­шелігі – оқу-жауынгерлік тапсырмалар дағдылы дала төсінде емес, қосымша қиыншылықтар тудыратын белгісіз таулы ай­мақ­та, өте күрделі жағдайда алғаш рет ұйымдастырылды. Мұндай әдістің Қарулы Күштердің бар­лық әскери бөлімдеріндегі кәсі­би-офицер мен кәсіби келісім-шарт қызметкерін және мерзімді қызметтегі сарбаздың жауынг­ер­лік әзірліктегі біліктілігін артты­руға септігін тигізері хақ.
Оқу-жаттығу қимылдарына барлығы 2,5 мыңнан астам әске­ри қызметші қатысты. Олар жаяу әскердің жауынгерлік машиналарын, бронды транспортер­лер­ді, танктерді, артиллериялық қон­дыр­­ғылар мен атыс қару­ла­рын шебер меңгергендіктерін бай­қат­ты. Әс­­керлерді әуеден май­дан­дық және армиялық авиация сү­йе­мелдеді. Жаттығудың күрделі кезеңдерін әскери қыз­метшілер күндіз де, түнде де жүзеге асырды.
– Жыл мезгілінің қандай тәу­лігінде болмасын жауын­гер­­­лік әзірлік бойынша берілген тапсырмаларды орындау – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың талап етіп отырғанындай, Қа­зақ­стан армиясы әскери қызмет­ші­лерінің біліктіліктерін жетілді­ру­ге арналған басты құрал болуы тиіс, – деп атап өтті жат­ты­ғудың ерекшелігі мен маңыз­ды­лығы туралы Құрлық әскерле­рінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.
Жаттығу аяқталды. Әскери қыз­метшілер аралас әдіспен: те­мір жол бойымен эшелондармен және автокөліктермен өз әскери бөлімдеріне атанып кетті.
Жүніс ОМАР, ҚР ҚМ баспасөз қызметі.