Жедел-іздестіру шаралары кезінде ПД ЖПҚ Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Ақтау қаласы дәмханаларының бірінен жалпы салмағы 2,5 тоннаны құрайтын сексеуіл тәркіленді. Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 339-бабымен тіркелді.
Дәл осындай дерек 2017 жылы тіркелген болатын. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында қала мейрамханаларының бірінде 5 тонна сексеуіл тәркіленді. Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, материал сотқа жолданды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Маңғыстау облысы